«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

15 қараша 2017

«Ақ жол» фракциясы тағыда ұлттық компания басшыларының шетелдік шоттары үшін банктік құпияны жоюды ұсынды
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Ә.Сағынтаевқа

 

Қазақстан Республикасының
Ұлттық банк төрағасы
Д.Т. Ақышевқа

 

Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
Ж.К.Асановқа  

 

Депутаттық сауал 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Данияр Талғатұлы!

Құрметті Жақып Қажманұлы!

Жақында Халықаралық журналистік зерттеулер консорциумы (International Consortium of Investigative Journalists, ICIJ) және
Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) өткен жылы жариялаған, көлемі жағынан үлкен дау тудырған «Панам мұрағаттарымен» тең келетін жаңа құжаттарын жария етті. БАҚ оны құрамында офшорлық компаниялардың 13,4 миллион құжаттары бар Paradise Papers («Жұмақ құжаттары») деп атап кетті.

Офшор иелерінің тізімінінде танымал қазақстандықтардың есімдері де жазылған.

Осы тізімдегі Әблязовтың есімімен ешкімді таң қалдыра алмайсыз, бірақ, министр Атамқұлов пен ұлттық компанияның жетекшісі С.Мыңбаевтың аталуы қоғам алдында бірқатар сұрақтар туындатады.

Екі ірі лауазымды тұлға баспасөзге түсініктеме беріп, олар сыбайлас жемқорлық сипатын және тіпті оларға тиесілі кәсіпорындар қызметіне қатысын  жоққа шығарып отыр. Біз шын мәнінде солай деп үміттенеміз.

Осы түсініктемелер мемлекеттік қызмет пен «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік ережелерін қаншалықты қанағаттандырады - бұл Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қор басшылығының құзыретіне кіретін жеке мәселе.

Бірақ, біздерге, Парламент депутаттары үшін бұл мәселенің тағы бірі қыры маңызды.

«Ақ жол» фракциясы де-офшоризациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатыр.

Үкімет пен Бас прокуратураға Кипрдағы есепшоттардағы қазақстандықтардың қаржыларын қайтару және жоғарыда аталған «Панама құжаттары» мәселелері туралы оннан астам сауалдар жіберілді. Осы мәселеге қатысты кезекті депутаттық сауал осы жылдың 27-ші қыркүйегінде жолданған болатын, онда біз соңғы жылдары Қазақстаннан оффшорлық аймақтарға 100 миллиардтан астам АҚШ доллары шығарылғаны туралы деректер келтірдік және оларды қайтару бойынша жұмыс нәтижелері туралы есеп беруді сұрадық. Бірақ тұшымды жауап ала алмадық.

Құрметті Премьер-Министр «56 млн.доллардың мүлкі тәркіленіп, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр» деп хабарлады. Бұл бойынша нақты қанша қаржы кері қайтарылды, ол туралы ештеңе айтылмаған. Шамасы, ешқандай қаржы қайтпаған болса керек.

Бұл аралықта, Президенттің бастамасы бойынша заңдастырудың арқасында оффшорлық шоттардан 132 млрд. теңге кері қайтарылды, яғни, бұл барлық құқық қорғау органдарының күш-жігерінен 7,5 есе көп. Бірақ бұл сома бұрын шығарылған қаражаттың тек шағын үлесі ғана.

Бас прокуратура өз жауабында «...Қазақстандық құқық қорғау органдары көп жағдайда шетелге шығарылған, ұрланған активтерді қамауға алу және қайтаруды қамтамасыз ете алмайды» деп мойындады.

Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы тағы бір рет, ұрланған миллиардтарды іздеп, бүкіл әлем бойынша алаяқтарды ұстауға күш-жігер жұмсағанша, капиталдың заңсыз шығарылуын болдырмау дұрысырақ деп мәлімдейді.

Және мұндай жұмыстың ең тиімді құралы – лауазымды тұлғалардың қоғам алдындағы ашықтығы және есеп беруі.

Мемлекеттік органдардың есеп беруін Мемлекет басшысы Ұлт жоспарында белгілегені туралы еске сала кетейік.

2014 жылдың 16-ші ақпанындағы, 2015 жылдың 13-ші мамырындағы және 2017 жылдың 14-ші маусымындағы сауалдарда біз, мемлекеттің қомақты қаражаттарына тікелей иелік ету сеніп тапсырылған фактісін ескере отырып, Үкіметтің мүшелері мен мемлекеттік кәсіпорындар және ұлттық компаниялар жетекшілерінің шетелдегі банктік есеп шоттарына қатысты банктік құпия принципін алып тастауды ұсындық.

Олардың шетелдік есепшоттардағы қаржылары және шетел бизнесіне қаншалықты қатысы бар туралы ақпараттардың барлығы қол жетімді болуы керек деп есептейміз.

Бір жағынан, мұндай ашықтық адал шенеуніктердің беделіне нұқсан келтіретін дәйексіз ақпараттардан, арандатулардан қорғай алатын еді. Мысал ретінде қазіргі қазақстандық лауазымды тұлғаларды алуға болады. Алайда, біздің мұндай ұсыныстарымыз әрдайым қолдау таппай келеді.

Соңғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдіктерін және жыл сайынғы халықаралық сыбайлас жемқорлық дауларын ескере отырып, «Ақ жол» фракциясы мынадай шараларды:

1) Үкіметтің мүшелері мен мемлекеттік кәсіпорындар және ұлттық компаниялар жетекшілерінің шетелдегі банктік есеп шоттарына қатысты банктік құпия принципін алып тастауды;

2) «ұлттық экономиканы де-офшоризациялау туралы» заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу мәселесін қарастырып, қабылдау мүмкіндігін тағы бір рет ұсынады.

Құрметпен, 

«Ақ жол ҚДП фракциясының депутаттары 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс