«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

23 қараша 2017

Премьер-Министрдің Қырғызстанның кедендік бұзушылықтарынан кейінгі шығындар туралы мәлімдемесінен кейін «Ақ жол» фракциясы ҚР-ның бюджетіне ЕАЭО кедендік саясатының қаржылық нәтижелері туралы мәселе көтерді

23 қараша 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Премьер-Министрдің Қырғызстанның кедендік бұзушылықтарынан кейінгі шығындар туралы мәлімдемесінен кейін «Ақ жол» фракциясы ҚР-ның бюджетіне ЕАЭО кедендік саясатының қаржылық нәтижелері туралы мәселе көтерді. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың атына арналған тиісті депутаттық сауалды пленарлық отырыста Ерлан Барлыбаев жолдады.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 25-шы бабына сәйкес, төленген (алынған) әкелінген кедендік баждар жалпы қорға аударылуға тиіс, содан кейін мүше – мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлінеді. Теориялық тұрғыда бұл норма кедендік аумақта тасымалданатын тауарлар мен жүктердің есебінен бюджетке қосымша кірістер қамтамасыз етуі тиіс.

«Алайда, 2017 жылдың 3 қарашасында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев келтірген статистикасында тауарлардың кедендік құнының төмендеуінен, көлеңкелі импорттың және ЕАЭО бойынша кейбір көршілеріміздің кеден органдарының басқа да жосықсыз әрекеттеріне байланысты кедендік төлемдерден түскен қаражатты бюджет толық алмағаны туралы айтуға болады», - деп атап өтті Барлыбаев.

Осыған байланысты ол Қаржы министрлігіне келесі сұрақтарды қойды:

 - Қазақстан Кедендіқ одақ және ЕАЭО құруылуынан таза қаржылық жағынан ұтты ма (әлде ұтылды ма)?

- Кедендік одақ пен ЕЭАО құрылу кезеңінен бастап дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда (мысалы, 2006-2007 жылдар) кедендік төлемдер мен алымдардан бюджет кірісінің мөлшері қалай өзгерді?

- Бірыңғай кеден саясатын енгізгеннен кейінгі Қазақстанның табыстары артты ма немесе керісінше - төмендеді ме?

 «Бұл біздің еліміз үшін Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін жалпы бағалаудың маңызды бөлігі болып табылатын, Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделерін іске асыруға қатысты керек мәселе», - деп санайды «Ақ жол» депутаттары.

Олардың ойыңша, кедендік түсімдер бойынша деректерді салыстыру өткен кезеңмен және Кедендік одақ қалыптасқан сәттен бастап (одан кейін ЕАЭО) АҚШ долларымен жасалуы тиіс, өйткені ұлттық валютаның бірнеше девальвациялары ағымдағы тенденциялардың көрінісін айтарлықтай бұрмалауы мүмкін. Оған қоса, әңгіме сыртқы экономикалық қызмет жөнінде болғандықтан, ол жердегі есеп айырысулар халықаралық валютаға сүйенеді.

Фракция депутаттары, осы интеграциялық бастамаларды іске асыру басталған жылдардан бастап, жылдық бөлінісінде жинақталған деректер мемлекеттік бюджетке олардың қаржылық нәтижелерінің оң (немесе теріс) туралы қорытындысын жасауға жеткілікті екеніне сенімді.

Осыған орай, олар Қаржы министрлігінен осы бағамдар бойынша мәліметтерді беруді сұрайды.  

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру  жұмыстарын жалғастыруда.

 

 

 


Видео

14 маусым 2018
Азат Перуашев об угрозах мировой безопасности

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс