«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

27 қараша 2017

«Ақ жол» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы сайланды

27 қараша 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП-ның  Жамбыл облыстық филиалыныңбаспасөз қызметі

 Тараз қаласында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезекті есептік-сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев, Орталық Кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, партия белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

«Ақ жол» партиясы облыстық филиалының кезекті есептік-сайлау конференциясын облыстық филиал төрағасы Болат Момышев ашты.
Партия төрағасы Азат Перуашев салтанатты түрде «Ақ жолдың» жаңа мүшелеріне партиялық билеттер тапсырды.

Бұдан әрі конференция делегаттары партияның белсендісі, белгілі кәсіпкер Асан Қошмамбетовты бірауыздан облыстық филиалы төрағалығына сайлады.

Партия облыстық филиалының Орталық және Саяси кеңестері құрамдарына өзерістер мен толықтырулар енгізілді.

Конференцияны қорытындылаған Азат Перуашев партияның жалпы жұмыстары, «Ақ жол» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының және өзінің депутат ретінде атқарып отырған жұмыстары жөнінде айтып өтті. Халық қалаулысы өз сөзінде заң шығармашылығы қызметіне жан-жақты тоқталып, «Ақ жол» фракциясының көтеріп жүрген проблемалық мәселелерге назар аударды.

Іс-шара соңында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, ақжолдықтар журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

 


Қошмамбетов Асан Әнуарұлы – кәсіпкер, Оңтүстік Қазақстанда үздік деп танылған «Қошмамбетов және К» ЖШС-ның жетекшісі. Қошмамбетов қысқа мерзімде  барлық жастағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналған заманауи мәдениет және демалыс саябағын жасаған.

1999 жылы Тараз қалалық мәслихатының екінші шақырылым депутаты, аталмыш мәслихаттың тергеу комиссиясының төрағасы болып сайланды. Тараз қалалық мәслихатының екінші, үшінші және төртінші шақырлым депутаты болып сайланды.


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс