«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

13 желтоксан 2017

"Ақ жол" жетекшісі Алаш Орданың 100 жылдығымен құттықтады - Abai.kz

Осыдан тура жүз жыл бұрын, 1917 жылдың 13 желтоқсанында жалпықазақ съезінде Алаш автономиясы құрылып, оның басқару кеңесі – Алаш Орда жарияланды. Сәрсенбі күні өткен Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев депутаттарды осынау айтулы датамен құттықтады.



- Биылғы жылы Мәдениет министрлігінің, жергілікті әкімшіліктердің қолдауымен еліміздің барлық аймақтарында Алашқа арналған конференциялар өтіп, алаш астанасы болған Семейде Әлихан Бөкейханға еңселі ескерткіш тұрғызылды.
Ұлттық арнада деректі және көркем фильмдер түсіріліп, көрсетілді.
Аталмыш датаны айқайлатпай, той ретінде емес, жұмыс ретінде мазмұнды атап өтуіміз көпшіліктің көңілінен шықты.
Осыған байланысты, атсалысқан Мәдениет министрлігі мен әкімшіліктерге, қоғамдық ұйымдарға ризашылығымызды білдіріп, баршамызды халқымыздың азаттығы үшін күрескен Алаш Орданың 100 жылдығымен құттықтаймыз!
Алашты ұлықтау бір ғана 100 жылдықпен шектелмейді. Оның ұстанымдары елімізге мәңгі қызмет етеді. Бабаларымыздың Ұлы арманын іске асыру - Елбасының жетекшілігімен тек біздің замандастарымызға бұйырған екен. Енді санаулы күндерден соң сол Тәуелсіздік күнін атап өтеміз.
Еліміз өркендеп, Тәуелсіздік мәңгі болсын!
Халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық тілейміз, - деді өз сөзінде.

Abai.kz

 

 

 


Видео

19 сәуір 2018
Программа "Әлеумет". Интервью. Гость студии - депутат Мажилиса Парламента РК Меруерт Казбекова

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс