«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

25 желтоксан 2017

«Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің отырысы өтті

25 желтоқсан2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Сенбі күні «Ақ жол» ҚДП орталық кеңсесінде партияның Орталық кеңесінің отырысы өтті. Онда партия мен оның парламенттік фракциясының 2017 жылғы атқарылған жұмыстары қорытындыланды.

«Осы кезең ішінде фракция депутаттары мемлекеттік нығайту, нарықтық экономиканы және жеке кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, демократиялық институттарды дамыту мәселелері бойынша 78 депутаттық сауал жолдады. Мәжілісте талқыланып жатырған заң жобаларына 1000-ға жуық түзетулер жіберілді, олардың үштен бір бөлігі қабылданды. Олардың арасында – коллекторлық қызмет; бәсекелестік; қорғаныс және әскери қызмет; дене шынықтыру және спорт; жергілікті басқару; салық салу, кедендік әкімшілендіру; транспорт; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру; стандарттау; ақпарат; тұрғын-үй қатынастары; әкімшілік құқық бұзушылықтар; жер қойнауын пайдалану; меншік құқығын қорғау туралы және т.б. заң жобалары бойынша ұсыныстар бар», -деп атап өтті Азат Перуашев.

          

         Жұмыстың маңызды нәтижелеріне жалған кәсіпкерлікті қылмыс деп танымау бабы; ШОБ субъектілерінің салық міндеттемелері бойынша талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту; шағын кәсіпорындар үшін жеңілдетілген салық салуды қолданудың шегін сақтауды жақтызуға болады. Осы және басқа да бастамаларды «Ақ жол» партиясы бірнеше жылдар бойы ұсынып келді, ал биылғы жылы олар заңнамаға енгізілді.

Ұлттық экономикалық мүддені, Отандық тауар өндірушілерді қорғауға мүмкіндік беретін «Жер қойнауы туралы» Кодексі және «Стандарттау туралы» Заңға қолдау көрсету бойынша қабылданған шешімдер де маңызды болып табылады.

Мемлекет басшысының экономиканы және ұлттық компанияларды де-оффоршоризациялау жөніндегі соңғы тапсырмаларын «Ақжолдықтар» өте өзекті деп есептейді. Фракция депутаттары осы тақырыпқа ерекше назар аударатыны белгілі.

Отырыста Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар облыстық филиалдарының жетекшілері сөз сөйледі.

Сонымен бірге ұйымдастыру мәселелері де қаралды: Кеңес - Оңтүстік Қазақстан филиалының басшысы Анарбек Орманның зейнет жасына келуіне байланысты өкілеттігін тоқтату туралы арызын қанағаттандырды  және Жамбыл облыстық филиалының төрағасы ретінде қоғам қайраткері, мәслихаттың бірнеше шақырылым депутаты Асан Қошмамбетовты сайлау жөніндегі конференцияның шешімін бекітті. Осы филиалдың бұрынғы басшысы - Болат Момышев партияның Орталық кеңесінің хатшысы болып сайланды.

Отырыстың соңында ҚДП төрағасы Азат Перуашев партия мүшелеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен кәсіпкер, Ақтөбе облыстық мәслихат депутаты, партияның жергілікті филиалының жетекшісі Асқар Садықов «Парасат» орденімен марапатталды. «Құрмет» ордені кәсіпкерлер, Қостанай және Алматы облыстық филиалдарының төрағалары, Махаббат Жотаев пен Мейіраш Шынасиловаға, белгілі журналист, Орталық кеңестің хатшысы Арман Нұрқалиевке, Семей ет комбинатының бас директоры, «Ақ жол» ДПК Шығыс Қазақстан облыстық кеңесінің мүшесі Бекболат Жаманғариновқа табыс етілді.

Шара барысында «Ақ жол» ҚДП және Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Алаш» ұлттық автономиясының 100 жылдығының құрметіне арналған естелік үстел медалін тапсыру рәсімі өтті. Марапатталғандардың арасында: қоғам қайраткері, жазушы Алдан Смайыл; Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уалиев; профессор-кардиолог, латын терминдері қазақша сөздігінің авторы (2015ж.жарияланған) Мұхамедия Ахметтөре; жазушы Мади Айымбетов; нейрохирург, Қазақстандағы паркинсон ауруы туралы алғашқы оқулығының бірлескен авторы (2017ж. жарияланған) Шыңғыс Шашкин; журналисттер Дамира Смаилова,  Асқар Әшімов, Әлімжан Сабыржанұлы, Рахат Алтай; білім беру орталығының жетекшісі, нарықтық экономика терминдерінің бірінші қазақша сөздігінің авторы (1992 ж.) Бегаршин Жұманова; ұстаз, Омбыдан «Ресейдің үздік мұғалімі» атағының иегері Сәуле Үмбетпаева бар.


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс