«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

29 желтоксан 2017

Ұлттық компания басшыларының декларация активтері мен табыстары туралы мәліметтер интернетте орналастырылатын болады - «Ақ жолдың» ұлттық компаниябасшыларының шетелдік шоттары үшін банктік құпияны алып тастау туралы сауалына жауап алынды
29 желтоқсан 2017 жыл«Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
2020-шы жылдан бастап Ұлттық компания басшыларының декларация активтері мен табыстары туралы мәліметтер  ресми интернет-ресурста орналастырылатын болады.  Бұл туралы «Ақ жолдың» ұлттық компаниялар басшыларының шетелдік шоттары үшін банктік құпияны алып тастау сауалына Үкіметтің берген жауабынан белгілі болды.  

 
Депуттатық сауалды Азат Перуашев ү.ж. 15-ші қарашасында жолдағанын еске сала кетейік.
«Ақ жол» фракциясы де-офшоризациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатыр. Үкімет пен Бас прокуратураға Кипрдағы есепшоттардағы қазақстандықтардың қаржыларын қайтару және «Панама құжаттары» мәселелері туралы оннан астам сауалдар жіберілді. Осы мәселеге қатысты кезекті депутаттық сауал осы жылдың 27-ші қыркүйегінде жолданған болатын. Онда біз соңғы жылдары Қазақстаннан оффшорлық аймақтарға 100 миллиардтан астам АҚШ доллары шығарылғаны туралы деректер келтірдік және оларды қайтару бойынша жұмыс нәтижелері туралы есеп беруді сұрадық. Бірақ тұшымды жауап ала алмадық», - деп атап өтті ол.
Осыған орай, Перуашев ұрланған миллиардтарды іздеп, бүкіл әлем бойынша алаяқтарды ұстауға күш-жігер жұмсағанша, капиталдың заңсыз шығарылуын болдырмау дұрысырақ деп мәлімдеді. Және мұндай жұмыстың ең тиімді құралы – лауазымды тұлғалардың қоғам алдындағы ашықтығы және есеп беруі.  Мемлекеттік органдардың есеп беруін Мемлекет басшысы Ұлт жоспарында да белгілегені туралы еске сала кетейік.
«Ақ жолда» үкімет мүшелері мен ұлттық компания басшыларының шетелдік есеп шоттардағы қаржылары және шетел бизнесіне қаншалықты қатысы бар туралы ақпараттардың барлығы ашық болуы керек деп есептейді.  
Кеше келіп түскен үкіметтің ресми жауабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормалары ұлттық компаниялар басшыларына да қолданылады делінген.
Сондай-ақ, хатта 2020-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап аталған тұлғалардың активтері мен міндеттемелері, табыс пен мүлік туралы декларацияны табыс ету мәліметтері салық түсімдерін қамтамасыз ететін салаға басшылық жасайтын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын болады деп хабарланған. 
 
«Ақ жол» ҚДП және оның парлмаменттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда. 


Видео

18 қазан 2018
"Qazaqstan" ұлттық арнасы. 17.10.2018. Елбасы Жолдауы - Басты Назарда! Азат Перуашев: Қазақстан осы уақытта өз азаматтарына барынша жайлы жағдай жасауға тырысып жатыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс