«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

04 қаңтар 2018

Меруерт Қазбекова Ақмола облысына жұмыс сапарына барды

«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық баспасөз қызметі, 2018 жылдың  4 қаңтары

Жаңа жылдың алғашқы күндері «ақжолдық»  халық қалаулылары үшін қарбалас жұмыспен бастау алды. Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова өзінің туған жері - Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді.

Алдымен ол партияның Ақмола облыстық филиалы ғимаратында аймақ белсенділерімен кездесті. Онда Парламенттегі қызмет барысы жайлы әңгімеледі. Өздеріңіз білесіздер, «Ақ жол» партиясы жоғарғы заң шығару органындағы ең белсенді фракциялардың бірі саналады. Елдік мәселелерді,  оның ішінде қарапайым адамдардың жайы,  кәсіпкерлер құқықтары және басқа да толып жатқан жайлар биік мінберден айтылады. Үкіметке депутаттық сауалдар да жиі жолданады. Меруерт Қазбекова өз әріптестеріне аталған бағыттағы жұмыстарды жан-жақты айтып,  жергілікті жағдайға да қанықты. Филиал жетекшісі Серік Бейсембаев жыл бойы атқарылған іс-шараларды тілге тиек етті. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын міндеттер де ауызға алынды.

 
         Халық қалаулысы Ақмола облысының әр деңгейдегі мәслихаттарындағы депутаттарымен қандай байланыс барын да сұрап білді. Бүгінде үш «ақжолдық»  депутат өкілетті органда жұмыс атқарады. Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты,  «Сауда Пласт»  құрылыс компаниясының директоры Ғалымжан Көпішевтің депутаттық жұмысы турасында хабардар болды. Ол жыл аяғында өз сайлаушылары алдында есеп берді. Жыл бойы өз округіндегі қаншама түйткіл мәселелерді шешті. Осы шарада басқа да мәселелер талқыға салынып,  арнайы шешімдер қабылданды.   


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс