«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

05 қаңтар 2018

Меруерт Қазбекова республикалық спорт кешенінің құрылыс барысымен жан-жақты танысты
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық баспасөз қызметі, 2018 жылдың 5 қаңтары
Бурабайдың баурайындағы биіктен секіру алаңы бар шаңғы базасы құрылысы сонау 2006 жылы бастау алған еді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қыруар қаржы бөлінді. Алғашқы жылдары іргелі спорт кешені жылдам салына бастады. Өкінішке орай, қаржы дағдарысы және тағы басқа жағдайлар аталған спорт кешенінің «сақалды» құрылысқа айналуына әкеліп соқты. Соңғы жылдары  бұл Парламент мінберінен көтерілді.



        Қазір қаржыландыру көзі табылып,  құрылыстың алғашқы кезеңі толығымен аяқталды. Секіру алаңында 20-25 пайыз құрылыстық жұмыс қалды. Ақмола облысына көшпелі сессия барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова республикалық спорт кешенінің құрылыс барысымен жан-жақты танысты. Бұл шараға «Нұр Отан»  партиясының мүшесі,  депутат Жанат Омарбекова да қатысты. Халық қалаулылары құрылысы толық аяқталған спорт кешенінің мейманхана және басқа да сервистік қызмет көрсету нысандарында болды. Мұнда осы заманғы талаптар толықтай сақталған. Ондағы құрал-жабдықтар да шетелден алынған. Шаңғы жолдарына қызмет көрсететін техникалар да сақадай сай тұр. Төрешілік ғимараттағы есептеу және бейне көрсету құралдары іске қосылған. Жоғарыдан шаңғымен секіру алаңы толық аяқталғанша, мұнда шаңғы мен биатлоннан халықаралық жарыстар өткізу межеленіп отыр. Мамандардың айтуынша,  бұл нысан олимпиадалық жарыстар өткізу талаптарына сай келетінін айтады. Мердігер компания өкілдері құрылысты тезірек бітіруге ынталы. Бұл кешеннің болашағы жоқ деп тон пішкендер де табылған еді. Егер іргелі спорт кешені іске қосыла қалса,  мұнда шетелден туристер де көптеп келетін болады. Министрлік өкілі қазақстандық спортшылардың жиындарын өткізуге мүмкіндік туады. Енді шетелге сабылмайтын боламыз дейді. Сонымен «сақалды»  құрылысқа жан бітті. Көп ұзамай әлемдік додалы жарыстар  Бурабайдың баурайында өтетініне сенім мол. Сол сенім бізді де алдамаса екен.
 

 

 


 


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс