«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

08 қаңтар 2018

Бурабайдың туристік әлеуеті мол

«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық баспасөз қызметі, 2018 ж. 8 қаңтар

Көкшетау өңіріндегі жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары Меруерт Қазбекова мен Жанат Омарбекова Бурабай курортты аймағында туризмді дамыту бағдарламасымен танысты.


     Бурабай кентінде «Бурабай-Даму» серіктестігінде осы өңірді жақын болашақта жедел өркендетудің ақпараттық арналарын сұрап,  білді. Серіктестік директоры Ғалымжан Кенжетұлы халық қалаулыларына мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылатын шаралар жөнінде хабарлама жасады. Әсем де,  кербез,  табиғаты көз тартатын бұл өлке шетелден келетін туристердің тамашалайтын жері болуы керек. Қазақ елі экономикасының өркендеуімен қатар,   көрікті табиғатымен де жұртты тамсандыруы тиіс. Меруерт Қазбекова өз туған өлкесінің жаңа заманның талабына сай дамуына  билік орындары ғана емес,  қарапайым адамдар да үлес қосуы керектігін айтты. Сонымен қатар,  шеттен келетін туристерге көрсетілетін сервистік қызмет түрлерінің сапасын да арттыру маңызды болып табылады. Кент әкімі Шыңғыс Темірбеков соңғы жылдары Бурабай курортты аймағын дамыту аясында іске асырылған жұмыстарды тілге тиек етті. Осының бәрі туристік өңірдің әлеуетін жақсартуға бағытталады.



Сонымен қатар, депутат Меруерт Қазбекова қазақтың дарабоз перзенті Біржан сал есімін жуырда ғана алған ауданда болып, өңірдің экономикалық-әлеуметтік жағдайымен танысты. Аудан әкімі Асқар Қиықов кездесу барысында аймақта атқарылып жатқан өндірістік процестер жөнінде хабардар етті. Әсіресе, бизнесті мемлекеттік қолдау бағытында қолға алынған шаралар да тілге тиек етілді. 

Осы күні «Қазгер - құс» құс фабрикасында өндіріс ырғағымен етене танысты. Кәсіпорын басшысы Борис Оздоев өз сөзінде фабрикада 200-ден аса жұмысшы еңбек етіп жатқанын жеткізді. Соңғы жылдары бұл кәсіпорын жаңа инновациялық бағдарламалар аясында жаңа желілерді де іске қосты. Мұнда жылына  300 миллион дана жұмыртқа өндіріледі. Әрине, қандай кәсіпорын болсын, оның  өз мәселесі бар. Кәсіпорын басшысы депутаттан бизнесті қолдайтын заңнамаларды жақсартуға барынша назар аударуын өтініш етіп айтты. Меруерт Қазбекова соңғы уақыттары бұл бағытта көп жұмыс істелгенін, салық және басқа да заңдарда кәсіпкерліктің мүддесін қорғау негізге алынғанын айтты. 


Видео

03 қыркүйек 2018
Телеканал "Сарыарка". НА КОНТРОЛЕ ОБЩЕСТВЕННОГО СОВЕТА. Азат ПЕРУАШЕВ, депутат Мажилиса Парламента РК. 24 августа 2018 года.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс