«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

11 қаңтар 2018

Депутат Меруерт Қазбекова Зеренді ауданында кездесулер өткізді
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық баспасөз қызметі, 2018 жылдың 11 қаңтары
Депутат Меруерт Қазбекова Зеренді жерінде болып, ауданның жаңа әкімі Мереке Мұстафинмен кездесіп, пікір алмасты. Өңір басшысы бұл аймақта атқарылып жатқан іс шаралар жайлы әңгіме қозғады. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салада оң өзгерістер бар екенін айтты. Өз кезегінде Меруерт Қазбекова Парламенттегі заң шығару процесінен хабардар етті.


         Бұл ең алдымен Абылайды хан көтеріп, онымен қазақ мемлекетін құрысқан Қанай би бабамыздың ұрпақтары өрбіген киелі мекені. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұлы бабамыздың атын айшықтау аса қажет екеніне назар аударды. Алдағы уақытта бұл мәселе терең зерттеліп, осы өңірде жүзеге асатын туристік кластер аясында да көп істі қолға алуға болатыны аталып көрсетілді.

 
Сонымен қатар, депутат Меруерт Қазбекова Зеренді ауданына қарасты Қанай би ауылында жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл шара Елбасының кезекті Жолдауы жарияланған күнмен тұспа-тұс келді. Қазақстандықтарға жаңа заманда қай бағытта жұмыс істеу керектігін көрсеткен бұл Жолдау он бағыттан тұрады. Онда экономикадан бастап, дамудың барлық саласы қамтылған. Әсіресе, адами капитал - жаңғыру негізі екені де аталып көрсетіледі. Меруерт Қазбекова ауылдағы бірден-бір рухани ошақ - клуб, кітапхана, бала бақша орталығы және мектеп орналасқан ғимаратты аралап көрді. Шағын бала бақша жиырма сәбиге шақталған екен. Бұрынғы орта мектеп ғимаратына орналастырылған клуб та адамдардың демалатын орны саналады. Осы жердегі өлкетану мұражайы жәдігерлерімен де танысудың сәті түсті. Қанай биден басталатын тарих бүгінгі заман тұлғаларына дейінгі шежірені қамтыған. Ауыл адамдарымен әңгімелесіп, емен-еркін ой бөлісті. Осылай қазақтың бір ауылындағы тіршілікке қанықты. Халық қалаулысымен жүздескен ауылдықтар оған өз ризашылықтарын білдірді.


Видео

03 қыркүйек 2018
Телеканал "Сарыарка". НА КОНТРОЛЕ ОБЩЕСТВЕННОГО СОВЕТА. Азат ПЕРУАШЕВ, депутат Мажилиса Парламента РК. 24 августа 2018 года.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс