«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

17 қаңтар 2018

Кеңес Абсатиров: Шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық мазмұн талаптарын және отандық мердігерлер мен тасымалдаушылардың құқықтарын елемейді

17 қаңтар 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі

Шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық мазмұн талаптарын және отандық мердігерлер мен тасымалдаушылардың құқықтарын елемейді – бұл жөнінде бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Кеңес Абсатиров мәлімдеді. Фракцияның сауалы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа және Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа жолданды.

Фракция 2017 жылдың 30-шы қарашасында шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық мазмұн талаптарын орындау бойынша ақпаратты жариялау туралы сауалын жібергенін естеріңізге сала кетейік. Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысы берген жауапта орталық және атқарушы органдар үшін 2015 және 2016 жылдардағы Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын ескере отырып (2015 жылдың 14-ші қыркүйегінде ҚР Премьер-Министрі бекіткен), өз міндеттемелерін толық орындамайтын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты – айыппұл салу жазалары қолданылмады. Оның орнына  басқа мемлекеттік органдармен және тау-кен компаниялары қауымдастығының өздерінің келісімі бойынша балама шаралармен ауыстырылды.

«Бізді шикізат алыптарына мұндай қамқорлық көрсету әрине қуантады,  бірақ бұл неге отандық шағын және орта кәсіпорындардың мүдделеріне қысым есебінен жасалады, олар жер қойнауын пайдаланушылардың негізгі мердігерлері мен тасымалдаушылары болып табылмай ма? Неге мемлекеттік органдар мыңдаған біздің азаматтарымыз еңбек ететін қазақстандық сервистік және мердігер компанияларды жұмыссыз қалдыруға мүмкіндік береді, шикізат кәсіпорындарына көрсетілген қамқорлықты оларға да неге көрсетпейді?», -деген сұрақ «Ақ жол» депутаттарын мазалайды.  

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңның 61-бабының 2-тармағына сәйкес келісімшарттың шартында жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт бойынша өзіне жүктелген міндеттемелерді, соның ішінде жергілікті мазмұн талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қамтылуы тиіс. Заңмен белгіленген талаптарды бұзу шартты жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылады. Бірақ министрліктің жауабынан бұзушыларға хабарлама түріндегі «баламалы» шаралар қолданылған.

 «Осы ретте заңды сұрақ туындайды – министрліктерде заң талабын айналып әрекет етуге өкілеттігі барма?

Бізге белгілі болғандай, заң талаптарының қолданылуын тоқтату үшін ең болмаса мораторий енгізілуі тиіс еді, алайда ол жөнінде ештеңе белгісіз. 

Оның үстіне, Заң қазақстандық кәсіпорындардың, соның ішінде тікелей мердігерлер мен тасымалдаушылардың заңды құқықтарын бұзған шетелдік қатысушы жер қойнауын пайдаланушылардың мүдделеріне орай айналып өтілуде», - делінген сауалда.

Мәселен, тек 2017 жылы министрлік тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда жер қойнауын пайдаланушылардың әркетіне байланысты  тасымалдаушылардың 71 өтініштерін қарап, келісім-шарттық міндеттемелерді бұзу туралы 596 хабарламалар жіберілді. Тұрақты бұзушылардың арасында – Казақмыс, КазМинералз, ССГПО, Қазақстан Алюминий, Казмырыш, Ақтөбе мыс компаниясы және т.с.с. сияқты ірі корпорациялар бар.

2017 жылдың нәтижесі бойынша келісім-шарт міндеттемелерін, соның ішінде жергілікті мазмұнның орындалуына талдау жүргізілетін болады деп хабарланды. Қорытындысы бойынша Заңнамада белгіленген шаралар қабылдау жоспарлануда. Бірақ, (2014-2016 жж.) бұрынғы бұзушылықтарды талдау, тіпті олар бойынша шаралар қабылдауды ешкім жүргізейін деп тұрған жоқ.

«Жазасыздық – бассыздықты тудыртады, - дейді депутаттар. – Және «Ақ жол» партиясына жер қойнауын пайдаланушылар олардың құқықтарын толықтай елемейтін, кейбір шикізат компанияларының сатып алу жүйесіндегі корпоративтік жемқорлығы туралы өтініщтерімен казақстандық кәсіпорындар хабарласатыны кездейсоқтық емес».

Сонымен қатар, Абсатиров егер отандық заңнамада жемқорлыққа мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстары жатса, бірқатар еуропа елшіліктерінің ақпаратына сәйкес, Евроодақ және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде қылмыстық жауапкершілік жеке компаниялардағы жемқорлық қылмыстарға да қолданылады

«Мұндай тәсіл қазақстандық жер қойнауын пайдаланушыларына қолдануға арналған,  өйткені жер қойнауы мемлекетке тиесілі, сондықтан оларды теріс пайдалану мемлекеттік мүдделерге қайшы келеді», - деп есептейді «Ақ жолда».

Осыған орай «Ақ жол» депутаттық фракциясы:

1. «Жергілікті жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қамту бойынша шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін заңда көзделген іс-әрекеттердің орнына «баламалы» деп аталатын шараларды қолдану заңдылығына тексеру жүргізуді;

2. Мемлекеттiк органдарға құзыреттi органдардың жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және келісім-шарт ережелерiне сәйкес функцияларын қатаң орындауын талап етуді;

3. Барлық жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруді;

4. Осы компаниялар тарапынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде заңсыз жеке кірістер алуымен байланысты ірі жер қойнауын пайдаланушылардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тарату және жауапкершілікті кеңейту туралы мәселені қарастыруды сұрайды.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және отандық бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

 


Видео

18 мамыр 2018
2018 жылғы 9 мамыр. Сұхбат. А. Перуашев «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қой рәсіміне қатысты.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс