«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

20 қаңтар 2018

Азат Перуашев Алматы қаласының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

20 қаңтар 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясының жетекшісі А.Перуашевпен кездесуге кәсіпорындардың өкілдері және азық-түлік, ауыр машина құрастыру, құрылыс, авиация, микро қаржыландыру және мединдустрия саласының қауымдастықтары, сондай-ақ, Алматы қаласы мен облысының маслихат депутаттары Ф.Константинов пен С.Алмабековалар, Алматы қалалық филиалының төрағасы Д.Васильев қатысты.


Қатысушылар Президенттің Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін талқылады, жекелей алғанда,  бизнесті жаңа технологияларды пайдалануға итермелеуші құралдарды құрастыру туралы сөз қозғады.


Азат Перуашев фракцияның жұмыстарымен қатар, шын мәнінде, салалық қауымдастықтар құқығын шектеп отырған, көптен талас тудырып келген кәсіпкерлік әрекеті туралы заң жобасының Парламентте қабылданғаны жөнінде баяндады.

Азық-түлік кәсіпорындарының кеңесінің жетекшілері Рудик Мнацаканян мен Марина Сабралиева, «Атамекен» ҰҚП-нің Қауымдастықтарға ұсынып отырған Модельдік келісім шартындағы қиыншылықтары туралы айтты, яғни, Қауымдастықтар бұл келісім шартсыз ҰҚП-нан іс-шараларды қаржыландыруға ешқандай үміттене алмайды. Модельдік келісім шартта қауымдастықтар үшін квалификациялық талаптар бекітілген, соның ішінде, қауымдастықта 5-тен кем емес штатында қызметкер болу керек. Қауымдастықтар 1,5%-дан кем емес сала қызметкерлерін қамтуға тиісті.

Рудик Мнацаканян студенттердің тәжірибеден өтуінің және қосарлы білім берудің кеңейтудің маңыздылығы туралы мәселені көтерді. Қазіргі уақытта кәсіпорындар білім алушыларды тәжірибе өткізуге қабылдауға ынталы емес, бұған себеп, негізгі өндірістен қызметкерлердің көңілін және материалдық ресурстарды бөлуді қажет етеді.

Кәсіпкерлердің қосарлы білім беру жүйесіне қатысуға және студенттерді өндірістік тәжірибеге қабылдауға экономикалық қызығушылықтарын қамтамасыз ету қажет.  Кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша, осындай кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу жүйесінің нормативтік-құқықтық базасында  сәйкес ережелерді бекіту мүмкін.

Сонымен қатар, кәсіби мерекелер қатарында азық-түлік саласы қызметкерлері күнінің жоқтығын да атап айтты. Еліміздегі 47 салалық мерекелердің ішінде мұндай мереке  қарастырылмаған.

Сондай-ақ, ұлттық стандарттың маңызын арттыру қажеттілігін және оны кәсіпорын стандарттарына бекітуді көтере отырып, заңнамалық тұрғыда оның ішкі сипатын анықтауды ұсынды.

«Air Control» авиациялық кәсіпорнының өкілі Татьяна Пак ҚДП «Ақ жол» партиясы тарапынан компанияға көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді және ұшақты – тауарды дұрыс емес кодтауға байланысты есепке алуға дейінгі хабарландыру бойынша салықтық талас туралы айтты және осы мәселе бойынша қолдау көрсетуін сұрады.

«АЗТМ» АҚ бас директоры Едігенов Жетпісбай қаражаттарды игеруге тендерлерді жүргізу мерзімін жылдың басынан алдыңғы жылдың соңына ауыстыруды ұсынды. Мұндай қадам көбінесе бөлінген қаражаттарды игерілмеуіне әкеліп соқтыратын, бюджеттің бекітілуін, қаражаттың бөлінуін, тендерлердің жариялануын күтіп отырмай қаржыларды жыл басынан бастап игеруге мүмкіндік береді.

«Медремзавод» компаниялар тобының бас директорі Арыстанбек Жұмагұлов РФ-дағы ЕАС мүше болуға қарамастан, отандық тауарларға басымдылық беретін нормативтік ретеушілікті мысалға келтірді. Оған ұқсас нұсқа ретінде, мемлекеттік сатып алу кезінде басымдылыққа ие және  тауардың қай елде өндірілгені туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін отандық тауарлардың тізім бекітуді ұсынды. Сондай-ақ, стандарттар тізіміне тегін қолжетімділікті ашу ұсынылды.

Қауымдастық өкілдері «Алатау» ИТП АЭА жұмыстарының тиімсіздігі туралы кәсіпкерлердің ойларын жеткізді, әсіресе, қосымша жаңа құралдарды кіргізу және орнату бойынша қиыншылықтар сөзге тиек етілді.

Есеп құралдарын орнату мен бақылауды осы қызмет түрін ұсынушы жалғыз монополист заңды тұлғаға беру туралы ұсыныстар айтылды, бұл, шығындарды экономдауға, есеп құралдары мен олардың өлшемдерін бірмезетте ауыстыруды енгізуге мүмкіндік береді.

А.Перуашев кездесуде қозғалған сұрақтардың маңыздылығы мен өзектілігін және олардың ҚР Парламентінде заңнамалық актілер бойынша фракция жұмысында мемлекеттік органдармен және ҰҚП байланыста назарға алу қажеттілігін атап өтті.

Бизнес-қауымдастықтардың өкілдері мен кәсіпкерлер «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясының және оның Төрағасының кәсіпкерлердің мүддесін қорғау және бизнес шарттарын оңтайландыру бойынша жұмыстарын жоғары бағалады.

 

 


Видео

18 қазан 2018
"Qazaqstan" ұлттық арнасы. 17.10.2018. Елбасы Жолдауы - Басты Назарда! Азат Перуашев: Қазақстан осы уақытта өз азаматтарына барынша жайлы жағдай жасауға тырысып жатыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс