«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

26 қаңтар 2018

«Ақ жол» депутаттарының ҚКП Орталық Комитетінің Кеңсе Меңгерушісі Лэн Жун бастап келген қытай делегациясымен кездесуі өтті

26 қаңтар  2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Бүгін «Ақ жол» парламенттік фракциясы депутаттарының Қытай Коммунистік Партиясы Орталық Комитетіне қарасты құжаттаманы зерделеу жөніндегі Кеңсе Меңгерушісі Лэн Жун бастап келген қытай делегациясымен өзара кездесуі өтті.

Сәлемдесу сөзінен кейін Лэн Жун мырза партия жетекшісі Азат Перуашевты 2017 жылғы қараша айында Пекинде өткен әлемдік саяси партиялардың бас қосуына қатысқаны үшін және 2017 жылғы желтоқсанда партияның атынан Қытай Халық Республикасына арнайы іс сапармен барған қазақстандық кәсіпкерлер үшін өз алғысын білдірді. Сондай-ақ, Лэн Жун мырза «Бір белдеу, бір жол» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының сабақтастығын ескеріп, Қытай Компартиясының «Ақ жол» партиясымен әрі қарай өзара ынтымақтастық құруға дайын екендігін айрықша атап атап өтті.

«Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы біздің партиялар арасында орныққан достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Бірлескен ынтымақтастығымыздың арта түскеніне қуаныштымыз. Қытайлық әріптестерімізбен әрі қарай да кездесулерді өткізуге әрқашан дайынбыз»,- деді өз сөзінде Азат Перуашев. Сондай-ақ, ол Қытайдың даму жолындағы оң динамикасын да айта өтті.

«Біз Қытай елінің әр түрлі салаларда әлемдегі жетекші орынға ие екенін көріп жүрміз. Көптеген кәсіпкерлер ҚПК-нің өткен 9-шы Съезін жіті қадағалады. Қазақстанда бұл жағдай БАҚ-та кеңінен жарияланды. Кәсіпкерліктің, бизнестің мүддесіне қызмет ететін «Ақ жол» партиясы үшін қос елдің басшыларынан қолдау тапқан «Бір белдеу, бір жол» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының өзара түйісуі маңызды болып табылады. Қос тарап аталған бағдарламаларды екіжақты тиімді пайдаланады деген үміттеміз»,-дей отырып ҚДП көшбасшысы өз сөзінде Қытай халық Республикасындағы халықтың әл-ауқатын дамытудағы Қытай Компартиясының жауапкершілігі туралы ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпиннің айтқан сөзін келтіріп өтті.

«Бізді Қытайдың сыбайлас жемқорлықпен күресудегі тәжірибесі қызықтырады. Жалпы алғанда, біз болашақ қарым-қатынастарымызға өте оптимистік тұрғыдан қараймыз және оң нәтижелерге қол жеткізу үшін барынша күш салуға дайынбыз», - деп атап өтті партия төрағасы А.Перуашев. Сонымен қатар, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық округінде тұратын Қытайдың құқық қорғау органдары қамауға алған этникалық қазақтардың тағдыры туралы мәселені көтерді.

«Қазақстандық БАҚ-та бұл мәселе қызуқанды талқыға түсуде. Қытайдың ішкі істеріне араласпай және оның заңдарын құрметтей отырып, алайда гуманизмнің қағидаларын да ұстана отырып бұл адамдардың тағдыры жайында объективті ақпарат алғымыз келеді», -деді ҚДП төрағасы.

«Қытай елі өз алдына құқықтық мемлекет құруды мақсат етеді. Қазақстан және Қытай елдерінің өзара тату қарым-қатынасы мен стратегиялық әріптестігін ескере отырып, бұл мәселе өз шешімін табатын болады», - деп Лэн Жун «ақжолдықтарды» сендіргендей болды.

Кездесуден кейін «Ақ жол» партиясының делегациясы «Қытай Коммунистік партиясы 19-шы Съезінің Рухы» атты түсіндірме конференциясына қатысты.


Видео

14 ақпан 2018
«Валюталық ретттеу және валюталық бақылау туралы» Заң жобасының жай-жапсары

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс