«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

17 қаңтар 2018

«Ақ жол»: Бетонмен жабылған жоғары жылдамдықтағы автожолдар күз-қыс мезгілінде жаппай жол көлік оқиғаларына алып келеді
 
17 қаңтар 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Бетонмен жабылған жоғары жылдамдықтағы автожолдар күз-қыс мезгілінде жаппай жол көлік оқиғаларына алып келеді – фракцияның депутаттық сауалын Ерлан Барлыбаев Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің атына жолдады. 

 
«Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын және «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» сияқты жаһандық жобаларды іске асыру шеңберінде Қазақстанда қазіргі заманғы автомобиль жолдарынының құрылысы  белсенді жүріп жатыр.
Көптеген параметрлер бойынша бұл жолдар жоғары өткізу қабілеттілігімен және тозуға төзімділігімен ерекшеленеді», - деп сауалда айтылған.
 
Дегенмен, «ақжолдықтар» мұндай автомибиль жолдарын қүз-қыс мезгілінде пайдалану бетондық жамылғының маңызды кемшілігін анықтады. Ол суық түскен кезде тұтастай мұз айдынына айналады.
Еуропада бетон жамылғысы қолайлы болу мүмкін, ал күрт құбылмалы ауа-райы бар Қазақстан үшін жаңа жолдардың бұл ерекшелігі көптеген жол-көлік оқиғалары мен жол апаттарына алып келеді.
Астана-Щучинск, Астана-Қарағанды, Алматы-Қапшағай және т.б. сол сияқты бетонмен жабылған жоғары жылдамдықтағы жолдарда көктайғақ салдарынан осындай апаттар орын алып тұр.
Осындай апаттар осы қыста да орын алып жатыр. Сайлаушылар депутаттармен кездесу барысында осы жағдайға алаңдаушылықтарын білдірді.
«Қазақстанның климаттық ерекшеліктерін ескере отырып,ашық бетон трасса  учаскелерін алып тастап, автомобиль жолдарының стандарттарын қайта қарау қажет.
Бетон негізіндегі барлық жолдар технологиялық асфальтты қабатпен жабылуы керек.  Сонымен қатар, аса қауіпті бұрылыстар, көтерілістер және құламаларды резеңке түйіршіктері бар асфальтпен жабу орынды болар еді.    Оларды бүгінде ескі автошендерді кәдеге жарататын қолданыстағы зауыттар артығымен шығарып жатыр», – дейді «Ақ жол» депутаттары.
Олар бұл ұсынысты Елбасының биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында  жасыл экономиканы құру және қатты қалдықтарды жою туралы тапсырмаларына сәйкес келетініне сенімді.
«Қазақстанда Көкшетау - Кішкенекөл тас жолында және Алматы облысы Райымбек ауданының Жалаңаш-Көлсай жолында резеңке түйіршіктері қосылған асфальт учаскелерін сынақтан өткізу басталды.
Бұл технологияны белсенді іске асыру және халықаралық және республикалық маңызы бар жоғары жылдамдықтағы автомобиль жолдарын жабуға арналған тиісті стандарттарын бекіту мүмкіндігін қарастыру қажет», - деп есептейді Ерлан Барлыбаев.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және сайлаушыларының мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда. 


Видео

23 шілде 2018
"Хабар - 24". 20. 07. 2018 г. Было ли нарушение? Выступление Азата Перуашева, депутата Мажилиса Парламента РК на IV Съезде участников СЭЗ

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс