«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

12 ақпан 2018

Әлеуметтік-рухани жаңғырудың көкжиектері айқындалған

Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа міндеттері» атты Жолдауын халқымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының заңды жалғасы ретінде, сондай-ақ, өткен жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көрсетілген міндеттерді одан әрі сабақтастыра жалғастыра отырып, ел дамуының жаңа межелерін белгілеп берген, халықтың әлеуметтік-рухани жаңғыруының көкжиектерін айқындай түскен, халқымыздың игілігін көздейтін жүйелі шаралардың бірегей бағдарламасы ретінде қабылдап отыр.

Бұл аса құнды тарихи құжат Қазақстан индустриясын жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналдыру, өндірістік үдерістерді цифрландыру арқылы өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру, ресурстық әлеуетті тиімді пайдалану, өндіріске ақпараттық технологиялық шешімдерді батыл енгізу, агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру, көлік пен логистикалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту міндеттерін қамтиды.

Жұртшылық көбіне ұлттық бизнес мүддесін қорғайтын партия ретінде танитын «Ақ жол» партиясының өкілдерін әрине бірінші кезекте Жолдаудың бизнеске қатысты тұстары қызықтырды. Бизнеске қатысты Елбасының ұстанымдары сегізінші – «Тиімді мемлекеттік басқару» бағытындағы іс-шаралар кешеніне енгізіліпті және бұл қағидаттар нақтылығымен ерекшеленіп, мемлекет пен бизнестің ара қатынасын айқындап берген        «Ақ жол» парламенттік фракциясы бизнеске қатысты мәселелерді Мәжіліс мінберінен үнемі қозғап отырды. Алдағы уақытта да ақжолдықтар үшін Президенттің адал бәсекелестікті, отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жалпы нарықтық реформаларды дамытуға бағытталып берілген тапсырмалары басым бағыт болып саналады.

Жолдаудың адам капиталына қатысты бөлімін оқыған кезде денсаулық пен білім саласына Президенттің жіті көңіл бөлгенін байқадық. Мәселен, Жолдауда нақтыланған тапсырма аясында мемлекеттің кепілдігімен медициналық тегін көмекті ұйымдастырудың жаңа үлгісі жоспарлануда. Елбасы азаматтарымыздың барлық буындарын қамтитын білім беру саласының көкжиектерін нақты белгілеген, сондай-ақ бұл тарихи құжат ұлттық сананы жаңғырту қағидаттарын одан әрі жүйелі жүргізуге ұмтылдырады. Жолдауда «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаhандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деп айрықша атап көрсетілген, Президент өскелең ұрпақтың халқымыздың, тәуелсіздіктің тарихын білу керектігін тағы бір рет қадап тұрып айтып, еске салған.

Былтыр тарихымыздың қасиетті де қайғылы, сонымен қоса даңқты бір бөлшегі – Алаш ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығы ел аумағында кеңінен атап өтілді. Қараша айында Астанада өткен «Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушыларына жолдаған құттықтауында Елбасы Алаш қозғалысының сипатына: «Алаш қозғалысының ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғау, ұлттық бет-бейнесін сақтап қалу жолындағы күресі, азаттық үшін күрестің жарқын беті болып табылады» деп баға берді. Ендеше, Алаш тақырыбы мерейтойлық іс-шаралармен тәмамдалып, күн тәртібінен түсіп қалмауы тиіс. Мәселен, биыл Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл. Осыған орай өткен жылдың соңында «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы депутаттық сауал жолдап, республика көлемінде Мағжан оқуларын өткізуді ұсынды. Сауалда «Алаштың мағынасы оның бір ғана жүз жылдығымен шектелмейді. Біртуар тұлға Мағжан ақынның аманатын ақтауымыз үшін Алаштың 100 жылдық мерейтойы Мағжан оқуларымен жалғасын тапса деген ұсынысымызды Мәдениет министрлігіне жолдаймыз. Мағжан оқулары бүкіл республика аумағында өткізіліп, ал оның қорытындысы Мағжан Жұмабаевтың туған өлкесі Қызылжарда жасалғаны жөн. Ал болашақта Мағжан оқулары, атаулы даталарда ғана емес, жыл сайын тұрақты өткізіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді» делінген.

Айта кетейік, бұл сауалға оң жауап алынды. Аталған министрлік «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Мағжан оқуларын» ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, Алаш ақынының оқулары оның туған жері – Солтүстік Қазақстан облысынан бастау алып, ақынның мерейтойы аясында дөңгелек үстелдер, шығармашылық кештер, ғылыми конференциялар, кітап көрмелері ұйымдастырылмақшы. Біздіңше, рухани жаңғыру дегенімізге еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен тарихи тұлғалардың еңбектері мен өнегелі істерін көпке дәріптеуде кіреді.

Өйткені, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған азаттық, тәуелсіздік жолында жандарын құрбан еткен Алаш арыстарының есімдері де халық жадында сақталып, артында қалған мұралары туған халқының жүрегіне жете беруі тиіс және оны бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жөніндегі Елбасымыздың ой-тұжырымдарымен сабақтастырып насихаттауды күшейтіп, бүгінгі заманның кәдесіне жарату қажет деп санаймыз.

 

Сәбит БАЙДАЛЫ,

«Ақ жол» партиясы Орталық кеңесінің хатшысы

 

 «Егемен Қазақстан» газеті, 9 ақпан 2018 жыл


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс