«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

31 қаңтар 2018

«Ақ жол» депутаттары газ тарифтерін көтерудің негізіділігін тексеруді талап етеді

31 қаңтар 2018 жыл«Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі

«Ақ жол» депутаттары газ тарифтерін көтерудің негізіділігін тексеруді талап етеді – бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында Дания Еспаева ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың атына фракцияның депуттатық сауалын жолдады.

«Кәсіпкерлік климатқа және отандық бизнес өнімдерінің өзіндік құнына әсер ететін өткір мәселелердің бірі - энергия тасымалдаушылары мен монополистер қызметтерінің тарифтері. Осы мәселеге Елбасы Н.Назарбаев үнемі назар аударуда», - делінген сауалда.

Мәселен, өткен жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Елбасы«Үкімет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнестің барлық түрлері үшін шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл әсіресе энергия, көліктік және логистикалық қызметтер, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына қатысты».

Биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Елбасы «Табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Инвестициялық бағдарламаларды ескере отырып, оларға және энергия өндірушілеріне негізді тарифтер орнату маңызды» деп атап кетті.

Азаматтар «Ақ жол» партиясына жанар-жағармай, көмір, жылу және электр энергиясы нарығымен қатар, газ бағасының тұрақтылығы мәселесімен хабарласады.  

«Уәкілетті органдар бұл бағытта шаралар қабылдап жатыр. ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 18-ші бабының 3-ші тармағына сәйкес бекітілген шекті тарифтің қолданылу кезеңінде бір реттен жиі емес тарифтерді бекіту мүмкін екендігі анықталды, яғни жылына бір рет қана.

Бұл, әрине, жағымды шара, алайда, іс-жүзінде, тарифтер кем дегенде екі есе жиі өзгереді», - деп Еспаева атап өтті.

Осылайша, Энергетика министрлігі тауарлық газдың көтерме бағасын бекітеді және ол жыл сайын 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын реттеу жөніндегі комитеті жыл сайын 1 қаңтардан бастап ұзақ мерзімді кезеңге 2015-2020 жылдарға арналған газды тасымалдау қызметіне шекті тарифтерді бекітті.

Осылайша халықты газбен қамтамасыз етудің бағасы жылына екі рет: 1–ші қаңтардан бастап – тасымалдау тарифтерінің өзгеруіне және 1-ші шілдеден бастап - тауарлық газдың көтерме бағасын бекітуге байланысты өзгереді.

Бұл тұтынушылар, соның ішінде жылу және энергия өндіруші компаниялар үшін газ бағасының өзгеруіне әкеледі.

«Газ тарифінің екі есеге көтерілуі заң нормасына қайшы келіп қана қоймай, сондай-ақ нарықтағы белгілі бір тұрақсыздықты тудыртып, үй шаруашылықтарының жүйелі жұмысын бұзып және отандық бизнес өндіріс құнының өсуіне тікелей ықпал етеді», - деп санайды «Ақ жолда».

Осыған орай фракция депутаттары:

1.  «Табиғи монополиялар туралы» заңына сәйкес екі мемлекеттік органның тарифтік іс-әрекеттерін және газбен жабдықтау тарифіне жылына бір реттен артық емес  өзгерістер енгізуді үйлестіру.

2.  Елдің барлық өңірлерінде газбен жабдықтау жүйесінде тарифтердің көтерілу негізділігін тексеруді талап етеді.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және отандық бизнес мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.


Видео

18 қазан 2018
"Qazaqstan" ұлттық арнасы. 17.10.2018. Елбасы Жолдауы - Басты Назарда! Азат Перуашев: Қазақстан осы уақытта өз азаматтарына барынша жайлы жағдай жасауға тырысып жатыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс