«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

22 ақпан 2018

«Ақ жол» фракциясы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша бизнесті қаржыландыру көлемін ұлғайтуды сұрайды

2018 жылдың 22 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» демократиялық партиясы «БЖК-2020» бағдарламасы аясында бизнесті қаржыландыруды арттыруды сұрайды – бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке бағытталған фракцияның тиісті депутаттық сауалын кешегі Мәжілістің отырысында Дания Еспаева мәлімдеді.

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында стратегиялық мақсаттардың бірі – 2050 жылға қарай елдің ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесінің кем дегенде 50%-ын қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлікті қолдаудың ең тиімді және сұранысқа ие бағдарламасы - «Бизнестің жол картасы-2020» болып саналады.

Еспаева атап өткендей, бизнес өкілдерінің көптеген өтініштері 2018 жылдың 3 қаңтарынан бастап бюджеттен қаражат бөлу туралы шешімді қабылдағанға дейін субсидиялау шарты екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) және орташа сатып алу жиілігі (ОСЖ) тарапынан қол қоюға қабылданбағанын көрсетеді. «Даму» қорының ақпаратына сүйенсек, облыстардың көпшілігінде жаңа жобаларды субсидиялауға қаражат жетіспейді.

Депутат келесідей ақпаратты мысал келтірді. 2017-2019 жылдарға арналған «Аударымдар көлемі туралы» Заңға сәйкес облыстар бойынша жыл сайын «субсидиялау» құралына 27,4 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінуде. Сонымен бірге субсидияның мөлшері үш жыл бойы тепе-тең бөлінген, яғни, жылына 27,4 млрд. теңге. Сонда калайша жыл сайын «Даму» қоры ұсынған статистика бойынша жаңа жобалар саны артып келеді?!

Сонымен, мәселен, 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда жобалар саны 9% -ға, ал несиелердің көлемі 17% -ға артқан. Өсу динамикасы 2018 жылы да күтілуде. Демек, ШОБ субъектілерін субсидиялауға бөлінген қаражаттың көлемі де өсуі керек. 2018 жылғы жалпы трансферттің көлемі 29 миллиард теңгені құрайды, ал жобалар бойынша қабылданған міндеттемелер қазірдің өзінде 30 миллиард теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктердің жұмысында мақұлдануға жолданған жаңа жобалар бар, ал оларды субсидиялау үшін қосымша тағы 13 млрд. теңге қажет.

Бүгінгі күні тек 4 облыстарда ғана жаңа жобаларды субсидиялау үшін жеткілікті қаржы бөлінген. Қалған облыстарда бөлінген жалпы сипаттағы трансферттер қабылданған міндеттемелерді қамтымайды және аймақтық үйлестіру кеңесі 2018 жылы жаңа жобаларды мақұлдай алмайды.

«Осыған байланысты, АБК-нің мақұлданған жобалары бойынша субсидиялау туралы келісімдерге қол қойылмайды және қазірдің өзінде жасалған келісім-шарттар бойынша сыйақы субсидияланбайды. Тиісінше, кәсіпкерлер несие ресурстарын игеруді уақытша тоқтатуға және де нәтижесінде олардың инвестициялық бағдарламаларын соңынан туындауы ықтимал себеп-салдарларымен қарауға мәжбүр болады», - деп Д. Еспаева атап өтті.

Бұдан басқа, ол мақұлданған жобалардың жартысынан көбі (57%) ауылдық жерлерде жүзеге асырылатынын баса айтып өтті. Жасыратыны жоқ, ауыл-аймақтарда шағын және орта кәсіпкерліктің дұрыс дамымағандығы құпия емес. Бұл ЕДБ несиелерінің жоғары пайыздық мөлшерлемесі мен ауыл тұрғындарында өтімді кепілдік мүліктің болмауына байланысты.

«Бұл құрал бірінші кезекте ауылдық ШОБ белсенді дамуы үшін қажет. Бюджет тапшылығының ағымдағы жағдайы өңірлердің және бүкіл Қазақстан экономикасының дамуына теріс әсерін тигізуі мүмкін, сондай-ақ мемлекеттік қолдау есебінен бизнес жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлердің наразылығын тудыруы да мүмкін», - деп есептейді «Ақ жол» фракциясы.

Депутаттар «Дамуда» трансферттер туралы Заңда бекітілген аймақтар арасында қаражатты қайта бөлу мүмкіндігінің жоқтығын тағы бір мәселе деп атады. Олар бірқатар облыстардағы артық қаражаттардың тапшылығы бар басқа өңірлерге қайта бөлінуі тиіс екеніне сенімді.

Осыған байланысты «БЖК - 2020» бағдарламасының үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін «Ақ жол» фракциясы Ұлттық экономика министрлігіне:

1)   «Субсидиялау» үшін 13 миллиард теңге сомасында республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді;

2)    «Даму» қорына «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялау үшін өңірлер арасында қаражатты қайта бөлу құқығын беруді ұсынады.

ҚДП «Ақ жол» және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.


Видео

14 маусым 2018
Азат Перуашев об угрозах мировой безопасности

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс