«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

28 ақпан 2018

«Ақ жол» партиясы қазақ тілін білу міндеттелетін шенеуніктер тізімін арттыруды ұсынды

Бүгінгі Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Берік Дүйсембинов Президенттен өзге қазақ тілін білу міндеттелетін шенеуніктер тізімін арттыруды ұсынып, Үкіметті «Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту туралы заң жобасын» дайындауға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
         
          

«Ақ жол» партиясының тұңғыш рет Парламентте фракциясы құрылған кезде ең алғаш «Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту туралы» заң жобасын ұсындық. Бірақ біз оны ұсынған кезде Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясы жобаны қолдаудан бас тартып, іске асыруға жол бермеді. Мүмкін Үкімет ол кезде әлі ерте деп санаған шығар. Ал бүгінде Елбасымыздың өзі бастамаға ұйытқы болғандықтан мәселені кейінге қалдыруға болмайды», - деді депутта.

 

Ол болашағымыз қазақ тілімен тығыз байланысты болғандықтан бизнес партиясы ретінде бұл бастаманы тек саясат, мемлекеттік қызмет аясында ғана емес, жалпы экономикалық негізде де қолдануды ұсынды және мемлекеттік тіл экономикада сұранысқа ие болып, ана тіліміз ғылым мен технология тіліне айналар болса тіліміздің болашағы да сенімді болар еді деп санайды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында «Ақ жол» фракцясының ұсыныстарын атады.

 

«Қазіргі кезде қазақ тілінен емтиханды тек Президенттікке үміткерлер ғана тапсырады. Мемлекеттік тілді міндетті түрде меңгеруге тиісті лауазымды шенеуніктер тізімін одан әрі кеңейтуді қарастыру керек. Қоғамдық өмірдің әртүрлі саласында мемлекеттік тілдің қолданылу саласын кеңейту, сондай-ақ әлеуетті инвесторларға, шетелдік компанияларды қоса алғанда инвестициялық жеңілдіктер бергенде, жер қойнауын пайдалануға құқық алуға келісімшарттарда конституциялық нормаларға сәйкес мемлекеттік тілді міндетті түрде пайдалану талабын белгілеу керек», - деді ол.

Оның айтуынша мұндай жағдай Норвегия елінің тәжірибесінде кездеседі.

«Норвегияда мұнай туралы заңның 6-шы және 37-баптарында былай делінген. Мұнайға қатысты қызметте мүмкіндігінше норвег тілі басым саналуы тиіс. Басқа тілдер қажетті және ақылға қонымды болған жағдайда қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Бұдан тілді дамытуда экономиканың орны ерекше екенін көреміз», - деді депутат.

Берік Дүйсембинов сөз соңында Үкіметті «Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту туралы заң жобасын» дайындауға шақырды.

 

Источник: Baq.kz


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс