«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Аймақ - жаңалықтары

07 наурыз 2018

«Ақ жол» партиясының мұрындық болуымен жастар театры көрермендерге бірнеше қойылым ұсынды

2018 жылғы 7 наурыз, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

2018 жылғы 3-4 наурыз күндері Ақтөбе қаласындағы “Тахауи Ахтанов атындағы” драма театрында, Қазақстанның демократиялық “АҚ ЖОЛ” партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы “Ақ жол жастар” жастар театры Дінтанушы Асылбек Ауесханұлының «Уланған сана» және «Адасу» драмалық қойылымдары, драматург, ұстаз Өтен Ахметтің «Елім деп өткен ер Жалау» , «Жұлынқұрт», “Ананың ақ сүті” қойылымдарын сахыналады.

Мәдени іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Оған «Ақ жол» демократиялық партиясының облыстық өкілдігі мұрындық болды.

Маңғытаулық жастар театрының «Елім деп өткен ер Жалау» драмасына көрермен көп жиналды. Қойлым желісі бойынша 1919-29 жылдар аралығындағы күрделі қоғамдық-саяси жағдай көрініс табады. "Алаш" арыстарының Голощекин режимімен күресі суреттеледі.  Драмада "Алаштың" ардақты ұлы  Жалау Мыңбайұлының өмірі туралы сыр бар.  Жалау Мыңбайұлы қайсар журналист, мықты публицист болған. Өзекті тақырыптарды көтерген. Қайраткер ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен нағыз ұлт жанашыры ретінде халық жадында.

           

Ақ жол-жастар труппасы ұсынған тағы бір  қойылым- «Жұлынқұрт»  деп аталады. Өтен Ахметтің туындысы қауіпті  індет боп тарап бара жатқан есірткіқұмарлық, нашақорлықтың зардабы мен қасіреті турасында.  Осы дертке шалдыққан байғұс  жігіттің тағдыры бейнеледі. Қойылым арқылы  жастар театры өскелең ұрпаққа  жаман әдетте сақтаныңдар, абай болыңдар дейді.

           

«Ақ жол-жастар» театрының құрылғанына 3 жылға жуықтапты. Театр  репертуарында  тарихи драмалардан бастап, діни бағыттағы, қоғамдағы өзекті мәселелерді  қозғайтын  дүниелер бар.  4 спектакльдің премьерасы өтті.

"Ақ жол жастар" театрының Ақтөбедегі гастролін ұйымдастырған кәсіпкер Асқар Садықовтың айтуынша, бұл мәдениетке деген қолдау. Және жастар мәселесіне қоғам назарын аударту.

        

Қойылымдар болған екі күнде театр залы лық толып, халық залға симай кетті. Қойылымдарға облыс әкімі атынан әшкі саясат басқармасының бастығы Бұлбұл Ораққызы қатысып, “Ақ жол жастар” театры ұжымына, осы кешті ұйымдастырушы, бас демеуші “АҚ ЖОЛ” ҚДП-сының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Асқар Аманбайұлы Садықовқа облыс әкімі атынан алғысын айтып жастарға тәрбиелік мәні зор өойылымдар екенін атап айтты.

         

Айта кетейік, 5-7 наурыз күндері Ақтөбе қаласындағы жоғарғы оқу орындарында «Уланған сана», «Жұлынқұрт», және «Адасу» драмалық қойылымдары, КА162/2 – 162/3 мекемелерінде “Ананың ақ сүті” қойылымдары қойылып, көрермендер ыстық ықыласпен қарсы алып, көздеріне жас ала отырып тамашалады.

 Жастар театры Ақтөбеде 
         http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhastar-teatry-aktobede 


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс