«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

12 наурыз 2018

Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтейік

«Егемен Қазақстан»

 

Күні кеше ғана Елбасымыз мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында: «Парламент пен Үкіметтің жұмысы мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс» деп тайға таңба басқандай нақты тапсырма берді. Бұл тәуелсіздігі ширек ғасырдан асқан Қазақ елі үшін өте орынды және дер кезінде берген тапсырма.

           

Біз, Мәжілістегі «Ақ жол» партия­сы фракциясының мүшелері Елбасының бұл тапсырмасын толық жә­не қызу қолдай отырып, оны жү­зеге асыруға атсалысуға дайын­ды­ғымызды білдіреміз. 2012 жылы Пар­ламентте «Ақ жол» ҚДП-ның тұң­ғыш рет парламенттік фракциясы құ­рыл­ғаннан кейін, біздің ең алғашқы дай­ын­даған заң жобамыз мемлекеттік тіл­дің қолдану саласын кеңейту туралы еді.

Бірақ біз оны ұсынған кезде, Үкі­мет­тің ведомствоаралық комиссиясы жо­баны қолдаудан бас тартып, іске асы­руға жол бермеді. Мүмкін Үкімет ол кезде осындай әрекет әлі ерте деп санаған шығар.

Ал бүгінде Елбасымызың өзі мұн­дай бастамаға ұйытқы бол­ған­дықтан, мә­се­лені кейінге қалдыруға бол­майды. Біз­дің ойымызша, қазір­гі кезде қоғамда бұл мәселе пісіп-же­тіліп, шешімін күту­де. Бүгінде мек­теп қабырғасындағы оқу­шы­лар­дың 80 пайызы қазақ тілінде білім алып жатқаны, яғни біздің бола­ша­ғымыз, XXI ғасырдағы өміріміз де осы қазақ тілімен тығыз байланысты екені, тіпті қазақ тілінсіз даму мүмкін емес екені баршамызға белгілі. Сол себепті «Ақ жол» ҚДП бизнес партия- сы ретінде бұл игі бастаманы тек сая- сат пен мемлекеттік қыз­мет аясында ғана емес, жалпы эко­номикалық негізде де қолдауды қа­­лаймыз. Мемлекеттік тілімізге эко­но­­микада сұраныс туып, ана тіліміз ғы­лым мен технология тіліне айнала­тын болса, тіліміздің болашағы да сенімді болар еді.

Елбасының нақты тап­сырмаларын құптай отырып, оны ке­лесі ұсыныс­та­р- мен толықтыруды өті­­ніп біз Үкімет бас­шысы Б.Сағын­та­­­ев­тың атына де­путаттық сауал жол­дадық:

1. Қазір қазақ тілінен емтиханды тек президенттікке үміткерлер ғана тап­­сырады. Біздің ойымызша, мем­­ле­­кеттік тілді міндетті түрде иге­­руге ти­іс­­ті лауазымды шенеу­нік­тердің ті­­зі­мін бұдан да кеңейтуді қарас­ты­ру керек.

2. Қоғамдық өмірдің әртүрлі са­ла­ларында мемлекеттік тілдің қол­­да­нылу аясын кеңейту, сондай-ақ халықаралық компанияларды қазақ­стандық кадр- лармен қамтуды ұл­ғайту мақсатында әлеуетті инвес­тор­ларға инвестициялық пре­фе­рен­ция­лар бергенде, жер қой­нау­ын пай­да­лануға құ­қық алуға келі­сім­шарт­тарда кон­ституциялық нор­ма­ларға сәй­кес мемлекеттік тілді міндетті түрде пай­далану талабын белгілеу керек.

Осындай көзқарасты өзінің мұ­най-газ саласын дамытуда әлемге үлгі бо­лып отырған Норвегия елі де ұста­нып отыр. Олардың «Мұнай туралы» заң­ның 6 және 37-баптарында бы­лай делінген: «Мұнайға қа­тысты қыз­мет­те мүмкіндігінше нор­вег тілі басым пайдаланылуға тиіс. Басқа тілдер қа­жет­ті немесе ақылға қонымды болған жағ­дайда пайдаланылуы мүмкін».

Біз бұл мысалды тілдің дамуы мен дәрежесінде экономиканың орны ерекше екенін көрсету үшін келтіріп отырмыз. Елбасының осы тағдыршешті тапсырмалары қоғамда қызу талқыланып, қолдауға ие болуда. «Ақ жол» ҚДП фракциясы Елбасының қазақ тілі туралы берілген тапсырмасын нақты орындау мақсатында, жоғарыда айтылған ұсыныстар туралы заң жобасын дайындауға шақырады.

 

Берік ДҮЙСЕНБИНОВ,

Мәжіліс депутаты

Источник: Egemen.Kz.

 

 


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс