«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

13 наурыз 2018

Қаржымині «Ақ жолдың» ІІМ оффшорлық схемалары туралы сауалында көрсетілген мемлекеттік сатып алулар саласындағы заң бұзушылық фактілерін растады

2018 жылғы 13 наурыз, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Қаржы министрлігі «Ақ жол» партиясының Ішкі істер министрлігінің оффшорлық схемаларына қатысты депутаттық сауалында атап көрсеткен мемлекеттік сатып алулар саласындағы заң бұзушылық фактілерін растады.

            

2017 жылғы 29 қарашадағы сауалда фракция депутаттары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған деректерге сүйене отырып, Оралдағы барлық стационарлық жылдамдық өлшеуіштерін әлемдегі ең ірі оффшорлық аймақтардың бірінде - Кипрде тіркелген «MidagiHoldingLTD» компаниясы иесі болып табылатын «Жаңа жобалар ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС орнатып, қызмет көрсетеді деген ақпаратты мәлімдеген болатын.

«Жаңа жобалар ғылыми-техникалық орталығы» серіктестігін оффшорлық компаниялардың мемлекеттік сатып алуға қатысуын жасыратын жамылғы ретінде пайдаланады деп болжауға негіз бар. Бірден 13 өңірдің ішкі істер департаменттері серіктестіктің тұтынушылары болып табылады, ал мұның өзі Ішкі істер министрлігінің қызметіне оффшорлық схемалардың жүйелі енгені туралы жөнді сұрақтар туындатады», - деп түйткілді мәселені көтерген еді депутаттық сауалда.

«Ақ жол» мемлекеттік қаражатты осындай схемамен ұрлауға жол бермей, оны болдырмау үшін осы тақырыпқа байланысты 2013 жылдың 3-ші сәуірі мен 25-ші қыркүйегінде, 2014 жылдың 16-шы сәуірінде, 2015 жылдың 13-ші мамырында, 2016 жылдың 11-ші мамырында, 2017 жылдың 27-ші қыркүйегі мен 15 қарашасында бір емес, бірнеше мәрте тиісті депутаттық сауалдар жолдағанын еске сала кеткен жөн.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы аталған мемлекеттік сатып алу бойынша барлық мемлекеттік сатып алу туралы мәмілелерді тексеруді және барлық жеткізушілердің түпкілікті иелерінің мемлекеттік сатып алу жүйесінде тексерілуін талап етті.

Одан басқа, «ақжолдықтар» мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сатып алуға мердігерлер мен жеткізушілердің қатысуына, сондай-ақ оларға субсидия беру, салықтық жеңілдіктер сияқты мемлекет тарапынан қолдау мен көмек көрсетілуіне тыйым салуды тағы да аса табандылықпен ұсынды.

«Ақ жол» партиясының депутаттары осындай шаралардың де-оффшоризациялауды жүргізуде айтарлықтай маңызды қадам бола алатынына және нарықтағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуде және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғауда оң әсер ететініне сенімді.

Қаржы министрлігінің ресми жауабынан белгілі болғандай, облыстар және Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер департаментерінде «Жаңа жобалар ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС мен «СМЭУ Астана» ЖШС арасындағы жасасқан шарттың қаншалықты заңды екендігін анықтау мақсатында аудиторлық тексерістер жүргізілген. Бұл жауап сауалда көрсетілген фактілердің дұрыстығын растады.

«Аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша жалпы сомасы 729 578,0 мың теңгенің бұзушылығы анықталды, оның ішінде қаржылық 44 659,8 мың теңге, рәсімдік 262 274,5 мың теңге, ал мемлекеттік сатып алу рәсімін бұзу 412 861,5 мың теңгені құраған», - деген министр Б.Сұлтановтың қолы қойылған ресми жауапта нақты көрсетілген.

Қаржы министрлігінің жауабында аймақтық Ішкі істер департаменттері бойынша орын алған мемлекеттік сатып алу заңнамасы нормаларын бұзушылықтар фактілері көрсетілген.

«Ақ жол» демократиялық партиясы және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.

 


Видео

18 мамыр 2018
2018 жылғы 9 мамыр. Сұхбат. А. Перуашев «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қой рәсіміне қатысты.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс