«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

27 наурыз 2018

«Ақ жол» Үкіметке жаңа мемлекеттік кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді қайтадан ұсынады – Азат Перуашев

2018 жылғы 27 наурыз, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» Үкіметке жаңа мемлекеттік кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді қайтадан ұсынады. Бұл туралы Азат Перуашев жекешелендіруді жүргізу барысы туралы «Үкіметтік сағатта» мәлімдеді.

            

Ол Тәуелсіздіктің бастапқы кезінде  алғашқы жекешелендіру нарықтық экономиканың негізін қалап қана қоймай, сондай-ақ мемлекетке нақты емес және тиімсіз шығындардан босатып, қиын жағдайға төтеп беруге көмектескенін де еске сала кетті.

Осыған байланысты, Перуашев «Ақ жол» партиясының сөзсіз жекешенлендіру үдерісін қолдайтынын және мемлекеттің экономикаға қатысуын 15 %-ға дейін төмендету бойынша алға қойған мақсатын құптайтынын атап өтті.

«Алайда, бұл қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатыр? Мәселен, 2017 жылы 190 нысан 108 млрд. теңге сомасына сатылып кеткен. Бірақ дәл сол кезеңде монополияға қарсы комитет квазисектордың 134 жаңа субъектісін құруға келісім берді. Бұған қоса, қаржы көлемі қандай сомада екені жазылмаған», - деп атап өткен «Ақ жол» партиясының басшысы Үкіметке жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде жаңадан мемлекеттік кәсіпорындар құруға мораторий енгізуді ұсынды.

«Біз осындай сауалмен Үкіметке 2012 жылдың 27 маусымында да сұрау салған едік, алайда қазіргі таңда көрсетілген үдерістерді ескере отырып, біз бұл мәселені қайтадан көтеруге мәжбүрміз. Бізге жаңадан құрылған мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендірілгендерге қарағанда бейне бір өзге салаларда жұмыс істейтіндей және бұл құрылымдық тұрғыдан өзгеше тәсіл екендігін түсіндіруге тырыспақ.

Өткен жылы ғана «Ақ жол» фракциясы деңсаулық сақтау нысандарын жекешелендірудегі даулы мәселеге орай үш рет депутаттық сауал жолдаған болатын. Дәл сол уақытта, сол жылы деңсаулық сақтау жүйесінде нарықтың жаңадан 45 субъектісі құрылды. Демек, оң қолымыз сол қолымыздың не істеп жатқанын білмегені ме?! Бір қолмен мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіріледі, ал келесі қолымызбен – олардың орнына жаңа нысандар құрылып жатыр. Одан не пайда? Оның үстіне, бізге жекешелендірудің мақсаттарының бірі бюджеттің шығынын азайтып, Ұлттыққорды толықтыру екенін хабарлаған болатын. Ендеше, ең болмағанда алдағы бағытымыз қандай екенін шешіп алайықшы», - деп Перуашев дәл осыған ұқсас жолмен экономиканың басқа да секторлары бойынша анықтап алу қажет деген өз пікірін білдірді.

«Жаңа ғана Шығыс Қазақстан облысында жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды жекешелендіруді жоспарлап отырғанын айтып өтті. Бұл қызық бастама екен, өйткені көптеген ӘКК бизнесті дамытудың аймақтық институттары болып саналса да кәсіпкерлерге көмектеспейді деген шағымдар келіп түсуде. Мүмкін Үкіметке барлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша жүйелі шешім қабылдау қажет шығар? – деп толықтырып өтті. – Бүгінгі пікірталас тағы бір мәрте мемлекеттің нашар менеджер екенін дәлелдеп отыр. Мәселе тек жекешелендіруде ғана емес - квазимемлекеттік секторда менеджерлер мемлекеттік қаржыны өзінің жеке меншік ақшасындай басқарып, тіпті сол компаниялардың өздері шығынды ақтай алмай жатқанда миллиондық бонустарды өз атына аударып алуға дейін барады».

Перуашевтің пайымдауынша, егер олар мемлекеттің есебінен қамтылса, онда олардың шығындары мен қаражаты бекітілген тәртіппен мақұлданып, оның ішінде Парламентте қаралуы керек.

«Егер мұндай ашықтық болмаса, онда олар жекешелендіріліп, мемлекеттік қаржыландырусыз, бюджетке салық төлей отырып бәсекеге қабілетті салада жұмыс істесін», - деді ол.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны және өз сайлаушыларының тілегін жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.

 


Видео

19 сәуір 2018
Программа "Әлеумет". Интервью. Гость студии - депутат Мажилиса Парламента РК Меруерт Казбекова

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс