«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

21 мамыр 2014

«Ақ жол»: Еркін экономикалық аймақтардың жұмысының нәтижелелігін қолдау жөніндегі шаралар қажет
2014 жылғы 21 мамыр, Қазақстанның «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі.
«Еркін экономикалық аймақтардың  жұмысының нәтижелелігін қолдау жөніндегі шаралар қажет»-деп, бұл туралы фракцияның Премьер-министр К.Мәсімовтің атына  жолданған депутаттық сауалында кеше Екатерина Никитинская мәлімдеді.
            2011 жылы 26 шілдедегі Үкіметтің № 862  қаулысымен қабылданған Өңірлерді дамыту бағдарламасының мақсаты жүйелік проблемаларды тауып және оларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттерінің тиімді тетіктерін әзірлеу болып табылады.
            Жергілікті деңгейде урбанистикалық орта құру үшін индустриялық парктердің, инновациялық өсу аймақтарының, өнеркәсіптік алаңдардың, технологиялық коммерцияландыру орталықтарының арнайы экономикалық аймақтарын (ЕЭА) қалыптастыру қарастырылған,-делінген сауалда.
            Бүгінгі күні елімізде заманауи жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті өндірісті, өңірлерге инвестициялар, жаңа технологиялар тарту, сондай-ақ халықты еңбекпен қамтуды арттыруды жеделдете дамыту мақсатында құрылған 10 ЕЭА жұмыс атқаруда.
            «Өткен жылдың соңында өткізілген Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ЕЭА-ның тиімсіз жұмыстарын, жергілікті жерлердегі жобаларды таңдаудағы жұмыстың әлсіздігін,  тікелей инвестициялардың аз ғана мөлшерін атап өтті. Мысалы, Атырау облысындағы ЕЭА базасында 30-дан астам жобаның орнына бар болғаны 3-уі жүзеге асқан, ал Алматы  және Павлодар ЕЭА-ында бірде-біреуі іске аспаған. 2011 жылы  «ХОРГОС» ЕЭА құрылды, бірақ әлі күнге дейін  онда да бекітілген ТЭН жоқ. «Оңтүстік» ЕЭА 2005 жылы ашуды хабарлаған, бірақ оған инфрақұрылымдардың құрылысын  салу 2012 жылы ғана аяқталды», - деп еске салды Е.Никитинская.
            Есеп комитеті, ҚР 2010-2014 жылдарға арналған арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі Бағдарламасының тиімділігін бағалай келе, оны іске асырудың айқын тетіктерінің жоқтығын, Өндірістік және жаңа технологиялар министрлігімен  мониторингті формальді жүзеге асыруын, орындау тәртібінің төмендігін, жұмыстарды жүзеге асырудың жалпы тиімділігінің жетіспеушілігін атап өтті.
            Бағдарлама сондай-ақ ресми статистикалық мәліметтер, индикаторларының орындалуы бойынша есептіліктің белгіленген формасының жоқтығы Бағдарламаны іске асыру барысын бағалаудың   әртүрлілігіне әкеледі.
            Одан басқа да, есеп комитеті анықтағандай, ЕЭА аумақтарында нақты қызмет етіп  жүрген қатысушылардың үлесі, өңірлерде тіркелгендердің санына шаққанда көп жағдайда небәрі 10 пайызды ғана құрайды.
            «Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, арнайы экономикалық аймақтар құру өңірлердің дамуына ерекше серпін береді»,-деп сауалда атап айтылады. –Бұған Қытайда, Түркияда және еуропа елдерінде құрылған аймақтар үлгі бола алады. ЕАЭ құрылымдарының барлығы дерлік көбіне тоқырауға ұшырағандардың әлеуметтік- экономикалық қайта құруларының құралы болып  қызмет етеді. Мәселен, 1980 жылы Қытайдағы Шэнчжень провинциясында ЕАЭ құру басталды. Алғашқы 10 жылда нағыз қытайлық ғажайып көрініс берді: Шэнчжень аса үлкен емес балықшылар ауылынан аумағында жүз мыңдай табысты кәсіпорындар жұмыс істейтін, адам саны 10 миллионнан асатын  мегаполиске айналды.
            Қазақстанда құрылған арнайы экономикалық аймақтар бүгінгі күнге дейін айтарлықтай нәтижелер  бермей келеді.
                      Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары Үкіметтен экономикалық аймақтардағы істің қазіргі ахуалы, оны дамытудың перспективалары және олардың жұмысының нәтижелілігін арттыру бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруді сұрайды.
            «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмысын жалғастыра береді.


Видео

23 сәуір 2017
«Ақ жол» партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс