«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

26 мамыр 2014

«Ақ жол» ҚДП шақыруы бойынша Астанада Швейцария Парламенті депутаттарының делегациясы болды
26 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Мамырдың 19-ы мен 22-сі аралығында «Ақ жол» ҚДП шақыруы бойынша Астанада Швейцария Парламенті депутаттарының: құрамында Вальтер Мюллер – Швейцария Парламентінің депутаты, Кристиан Миш – Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының парламентаралық тобының хатшысы және Мари-Луз Бауманн, тәуелсіз сарапшысы бар делегациясы болып қайтты.
Делегацияны шақыру партия қызметінің негізгі бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыс аясында ұйымдастырылды. «Ақ жолмен» заңсыз шығарылған ақшаны ұлттық экономикаға қайтару мәселесі бірнеше мәрте көтерілгенін еске саламыз. Мәселен, 2012 жылдан бастап, «Ақ жол» депутаттары  Кипрдегі тәркілеуге жататын қазақстандық шоттар; оффшорлық аймақтарда үкімет мүшелерінің банктік шоттарының болуы; жоғары дәрежелі шенеуніктердің шетелдік шоттарына қатысты банктік құпияға тыйым салу; оффшорлық заңды құзырлармен салықтық ақпаратпен алмасу туралы шарттарға отыру; оффшорлық өлшемдерге жататын елдермен  қосарлы салық салудан құтылу үшін барлық келісімдерге ревизия жасау және т.б. мәселелер туралы депутаттық сауалдар жолдады.  
Швейцария делегациясының мүшелері бірқатар тиісті шараларға қатысты.
19 мамырда делегация А.Перуашев басқаратын  сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикамен күрес жөніндегі ҰКП Кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне 7 мәселе енгізілді, оның ішінде: мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтар және транспаренттіктің жоқтығы туралы; «СТ-КZ» формасының сертификаттарының заңсыз айналымы туралы; меморгандардың және мемлекеттің қатысы бар ұйымдардың IT-технология колледжін құру бойынша инновациялық жобаға қарсы әрекеттері туралы; Риддер қаласындағы бюджеттік қаржыны жұмсаудағы бұзушылықтар туралы; Қазақстандағы оффшорсыздандыру проблемалары туралы; және т.б. Швейцарлық депутаттар Кеңес жұмысының барысымен қызығушылықпен танысты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы өз тәжрибесімен бөлісті. Депутат Вальтер Мюллерді Риддер қаласындағы мемлекеттік тендерлер жөніндегі құрылыс тапсырыстарының орындалуы туралы баяндама мен фотоматериалдар ерекше әсерге бөледі, ол, бұл тіпті «ақылға сыймайтын деректер» деп мәлімдеді.
20 мамыр күні швейцарлық әріптестер «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының отырысына қатысты. Депутаттар фракция қызметінің ағымдағы мәселелерін талқылады: депутаттық сауалдар бекітілді, Мәжілістің кезекті пленарлық отырысына шығарылатын заң жобалары бойынша фракцияның ұстанымдары белгіленді. Өз кезегінде, Кристиан Миш швейцарлық парламенттің партиялық фракцияларының жұмысы туралы айтып берді.
Делегация мүшелері сондай-ақ ҚР Парламент Мәжілісінің вице-спикері С.Дьяченкомен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Швейцарияның арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Дьяченко мырза Қазақстан және Швейцарияның ынтымақтастық топтары, сондай-ақ «Еуропаға жол» бағдарламасы аясында екіжақты қатынастардың дамып келе жатқанын атап өтті.
ҚДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі жұмысының нақты мысалы ретінде ««Kazakhstan Financial Integrity» қаржылық тазалығы қорының орталық кеңсесінде швейцарлық депутаттардың Виктор Храпуновтың Алматы қаласының және ШҚО-ның әкімі лауазымдарында жұмыс істеген кезіндегі оның заңға қарсы әрекеттері мәселесі бойынша кәсіпкерлер мен құқыққорғаушылармен кездесуі ұйымдастырылды. Бұған қатысты Мюллер мырза аталған мәселенің олардың назарында екенін, және егер Храпунов сотпен кінәлі деп танылса, оның Қазақстаннан ұрлаған қаржысын қайтарудың нақты мүмкіншілік бар екендігін атап өтті.
Мұндай мүмкіндікті растау үшін сарапшылар олардың сапарының алдында ғана АҚШ-ына  салықтық органдардың талап қоюы бойынша швейцарлық банктермен 2 млрд-тан астам доллар қайтарылғанын хабарлады. Сондай-ақ Қазақстаннан түскен талап қоюлар бойынша Храпуновтың шоттарына да қазірдің өзінде тыйым салынған.
Сапардың қорытындысында Швейцария елшілігі өз елінің парламенттік делегациясының құрметіне «Ақ жол» депутаттарының қатысуымен қабылдау өткізді. Осы сапар аяқталғаннан кейін келесі күні «Ақ жол» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметін және көтеріп жатқан бастамаларын Швейцария Парламентінде кеңінен таныстыру үшін Партия басшылығына ағымдағы жылдың маусым айына шақыру берілді.  

 


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс