«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

27 мамыр 2014

Бюджеттік заңнама және кәсіподақтар туралы заң жөніндегі «Ақ жол» партиясының барлық принципті ұсыныстары екінші оқылымда ескерілді, Азат Перуашев Экономика министрлігіне және Еңбек министрлігіне құжаттарды дайындау жұмыстарын тыңғылықты жүргізгендері үшін ризашылығын білдірді
              2014 жылғы 27 мамыр, Қазақстанның «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі.
            «Бюджеттік заңнама және кәсіподақтар туралы заң жөніндегі «Ақ жол» партиясының барлық принципті ұсыныстары екінші оқылымда ескерілді,ал біздің түзетулеріміз қабылданды»,-деп демократиялық фракцияның көшбасшысы Азат Перуашев өткен сәрсенбідегі Мәжілістің пленарлық қорытындысында мәлімдеді.
            -Сіздер білесіздер, екі заң туралы да алдында өткізілген пленарлық отырыстардың бірінші оқылымында біздің фракция өздерінің түзетулерін  алып тастаудан бас тартқан болатын, аталған заң жобаларын принципті түрде сынға алып және оның қабылдануына қарсы дауыс берді.
            Бюджеттік заңнама бойынша олардың активтерін қалыптастыруды алып тастау ұсынылғанда «Ақ жол» партиясы бюджеттік инвестициялауды қайта қарауға қарсы шықты. Осылайша, бюджет қаржысын экономикалық қайтарылымсыз және тіпті тікелей сыбайлас жемқорлықтық мақсаттарға заңды алғышарттар жасалар еді.
            Және де «Ақ жолдықтар» ұлттық қордан бөлінетін трансферттерді алып тастап, мұнайсыз тапшылықты анықтаудың тәртібін қайта қарауға үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Мұндай тәсілдеме мәліметтерді бұрмалаушылықтарға, өңдеуші сектордың рөлін дабырайтып, біздің экономиканың шикізаттық кірістерге тәуелділігінің нағыз деңгейін жасыруға әкелер еді. Қызу пікірталастан кейін, мұндай және басқадай біздің түзетулерімізге жұмысшы тобының мүшелері де, жобажасаушы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі де келісті.
            «Біздің әлеуетті концессионерлердің тізімін кеңейту жөніндегі ұсыныстарымызға Экономика министрлігі принципті түрде келісімін берді және биылғы жылғы қыркүйекте тиісті деңгейде бейінді заңға тиісті нормаларды енгізуге міндеттеме алды. Сондықтан да бізді жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қанағаттандырады. «Ақ жол» фракциясының атынан біздің әріптестерімізге-басқа фракцияның депутаттарына, және де Экономика министрлігінің басшылығына іске нақты жол таба алғаны үшін және кәсіби жауапкершіліктері үшін ризашылығымды жеткізуге рұқсат етіңіздер»,-деді Азат Перуашев.
            Демократиялық фракцияның көшбасшысы кәсіподақтар туралы заң жөніндегі дау-дамайлардың қалыптасуына да оң баға берді. «Ақ жолдықтардың» бірінші оқылымда еңбек инспекторларына кез келген бизнес  кәсіпорынын, кез келген уақытта кез келген негізге сүйеніп, қандай да бір жоспарсыз немесе прокуратура органдарының келісімінсіз, тіпті ШОБ-ті  тексеруге мараторилерге қарамастан шексіз тексерулерге мүмкіндік беретін нормаларға байланысты ол заңды қолдаудан бас тартқан болатын.
            Бұл заң жобасы бойынша бірінші оқылымда өткен пікірталастар барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тіпті екінші  қайтара сөз алды және Перуашевтың  пікіріне қарсыласуға  тырысып бақты, сондықтан ол дауды  шиеленістірмей проблемаға жұмысшы тобында оралуға шақырды.
            Нәтижесінде, профильді комитеттің төрайымы, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Г.Ықсанованың белсенді араласуынан кейін, жобаны жасаушылар мен «Ақ жол» фракциясы  кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғайтын, бірақ еңбек инспекциясына халықаралық нормаларға сәйкес жалдамалы жұмысшылардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін тәсілдеме жасай алды.
            Оның үстіне, бұл заң жобасында Үкімет  «Ақ жол»  партиясының «Еңбек» орденін құру жолымен халық шаруашылығында ұзақ жылғы адал еңбегі үшін мемлекеттік марапаттар енгізу туралы жақындағы депутаттық сауалын қанағаттандыру мүмкіндігін тапты.
            Азат Перуашев Еңбек министрі Тамара Дүйсеноваға және басқа фракциялардың депутаттарына оңай басталмаған пікірталастардың сәтті аяқталғанына ризашылығын білдірді. «Бүгінде фракциялар депутаттарының өзара іс-қимылы барған сайын біздің отандастарымыздың мүдделері үшін сындарлы және жемісті ынтымақтастыққа айналып келе жатқанын толық негізде айта аламын»,-деп атап өтті ол.


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс