«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

27 мамыр 2014

Азаматтардың жер телімін алу кезіндегі құқық бұзушылықтарға барлығы да наразылық білдіргендей болғанымен, заң жобасын қолдауға қарсылық білдірді
2014 жылғы 27 мамыр, Қазақстанның «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі.
            Өткен сәрсенбідегі Мәжілістің пленарлық отырысында барлық фракцияның депутаттары тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасын сынға алуға көшті. Депутаттардың наразылығын тудырған жағдай: бау-бақшалық және саяжайлық жер телімдері олардың иелерінен жаппай алып қойылғандықтан, аз ғана өтем ақы алатын  адамдардың басқа тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі жоқтығы. 
            Сонымен қатар, әзірше тек қана «Ақ жолдың» депутаттары бұл мәселені іс жүзінде көтеріп отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың қаңтарында аталған мәселе бойынша оның шешілуі жөнінде ұсыныстармен Үкіметке депутаттық сауал жолданған болатын.
            Наурызда бұл мәселені партия төрағасы А.Перуашев Бас прокуратураның коллегиясында көтерді.
            «Бізге «Соловушка», «Целинтяжстрой», «Зеленая поляна», «Урожай», «Исследователь», «Газовая аппаратура»,  «Ударник» бау-бақша серіктестіктеріне кіретін жер телімдерінің иелерінен 300-дей азамат өтініш жасады. Қазірде Алматыдан тұтастай бірталай жер телімдерінің иелері қосылып отыр. Біз парадоксальді нәрселер жасаудамыз: тіркеуге тұруға рұқсат етілді, адамдар жер телімдерін сатып ала бастады, онда үй салып жатыр, тіркеуге тұрып, дүниеге бала әкелуде. Осылайша, саяжайлық жерінде салып алған аумағы 100 шаршы метр болатын үйінде азаматша Серікбаева кәмелетке толмаған 4 баласымен тұрып келген, сот өтем ақыны 2-ден 4 млн.теңгеге дейін көтерді. Бірақ бүгінде Астанада бұл қаражатқа жатақханадан бөлме ғана сатып алуға болады. Әлде, көп балалы отбасынан тұрақты үйін тартып алу және алты бірдей адамға бір бөлмені ұсыну әділдікке жата ма?»- деп «Ақжолдықтар» сауал тастады..
            «Тұрғын үй қатынастары» жөніндегі заң жобасын талқылау барысында ҚДП-ның депутаттары нақты  түзетулерді әзірлеп және оны жобаға енгізді. Онда, мемлекеттің қажеттіліктеріне алынған саяжайлық жер телімдерін тұрғын үймен теңестіруді ұсынды. Сонда ғана оның иелеріне бара-бар өтемақы немесе осындай көлемде басқа тұрғын үй алуға мүмкіндік туады.
            Бірақ  құрамында «Ақ жолдықтардың» саны аз, жұмыс тобы, айтылған ұсынысты қолдамады. Бірінші оқылымда-ақ заң жобасына енгізуге жіберілген тура осы түзетулер алып тасталынды.
            Дегенмен, ҚДП фракциясын таңқалдырғаны, пленарлық отырыста барлық басқа фракциялардың депутаттары  кенеттен  осы резонанстық  мәселеге көңіл аударып және шығарылып тасталынған азаматтардың проблемаларының қамын ойлап шыға келгені.
            -Мен заң жобасында талқыланып жатқан мәселелер бойынша әріптестеріме сөзімізге назар аударғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Кейінгі жылда фракция бірнеше рет азаматтарымыздың жер телімдерін мемлекеттің қажеттіліктері үшін деп алып қоюы кезіндегі құқық бұзушылық  проблемаларын айтып келеді, сауал жария етілді, жұмысшы тобына да тиісті ұсыныстар жолданған  болатын. Алайда, жұмысшы тобында біздің ұсыныстарымызды қолдамағанымен, бүгін біз шынайы  анық қолдауды көріп және сезіп отырмыз – деп «Ақ жол» партиясының  жетекшісі өзінің сөзінде  атап өтті.
            А.Перуашев сондай-ақ, Өңірлік даму министрлігінің «Ақ жол» депутаттары ұсынған шешімдердің «дұрыс еместігі» туралы дәлелдеріне күмән келтірді. Атап өткендей, оған басқа фракциялардың депутаттары да күтпеген жерден қолдап өз пікірлерін білдірді.
            «Ал сіз қандай шешім ұсынар  едіңіз? деп А.Перуашев Министр Б.Жәмішевке сұрақ қойды. –Біз өзіміздің қолымызбен ондаған адамдарды балаларымен бірге, кәрілерімен бірге көшеге лақтырып тастаудамыз, оларды үй-күйсіз кезбелерге айналдырудамыз және ешқандай баламаларды ұсына алмаудамыз. Сіз иесіз үйлерге  қатысты депутат Тінікеевтің сұрағына жауап бере тұрып, меншік құқықтарын құрметтеу қажет деп айтасыз. Неге біз бір жағдайда  меншік құқығы туралы айтамыз да, басқа жағдайда біз бұл меншік құқығына мән бермейміз? Бұл өте қызықты ұстаным екен. Осыдан кейін біз қандай принциптерді басшылыққа аламыз?».
            «Проблемалардан қашу дұрыс болмайды-бұл «страустың» қылығы ». -деп қосты ол.Егер сізді «Ақ жолдың» ұсыныстары қанағаттандырмаса-басқа жолын көрсетіңіз, бірақ бұл проблемаларды шешу керек, ал азаматтардың құқығын қорғау керек! «Ақ жол» фракциясы бұл проблеманы екінші оқылымда шешімін табуға шақырады. Бұл біздің азаматтарымыз және біз оларға бұл жағдайлардан шығуы үшін көмектесуіміз керек. Олар қалаларға жақын жерлерге жетіскендіктен көшіп келіп жатқан жоқ, әлемде урбанизациялық процесс жүруде, бұл бүкіләлемдік тенденция. Адамдар ауылдарынан кете бастайды және үлкен қалаларға келеді, өйткені мұнда жұмыс бар, өмір сүруге жағдай жасалынған. Бұл проблемаларды шешудің жолдарын табу керек! Мені қуантатыны, Жәмішев мырза бұл проблемаларды жария ету заңы арқылы шешудің мүмкіндігін айтып өтті. Жарайды, мұның шын мағынасында нақты қалай болатынын көрейік.
            Ал қазір, бұл кезеңде біздің нақты ұсыныстарымыз министрлікпен де және жұмысшы тобының депутаттарымен де  қабылданбай тасталды, ал басқа шешім ұсынылмай жатыр- осыған байланысты «Ақ жол» фракциясының депутаттары аталған заң жобасын бірінші оқылымда қолдаудан бас тартады».
            Өкінішке орай, қатаң ауызша  сынға  қарамастан, коммунистерді қоса алғанда, қалған фракциялардың өздері оның алдында ғана ашық қарсы сөйлеген және БАҚ үшін сұхбаттар берген заң жобасын қолдап дауыс беріп жіберді. Бұл құжатты «Ақ жолдың» 8 депутаты ғана қолдамады.
            «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және өз сайлаушыларының құқығын қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.  

 


Видео

05 шілде 2017
А.Перуашев "Басты тақырып" бағдарламасында

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс