«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

27 мамыр 2014

Азат Перуашев ішкі істер министрлігінің Бас кеңесшісі, қала құрылысы және автомобиль жолдарының экс-министрі Абдулали заде бастап келген Иран кәсіпкерлерінің делегациясын қабылдады
              2014 жылғы 27 мамыр, Қазақстанның «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі.
        Өткен жұмада «Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде Азат Перуашев ішкі істер министрлігінің Бас кеңесшісі, қала құрылысы және автомобиль жолдарының экс-министрі Абдулали заде бастап келген Иран кәсіпкерлерінің делегециясын қабылдады.
            Делегацияның құрамында Иранның бірқатар ірі құрылыс холдингтері: «Талеш Банае», «Шафаг Шокух»,  «Заман Гостар» және басқаларының  бірінші басшылары  болды.
            Қазақстан жағынан кездесуге «Ақ жол» ҚДП-ның жетекшілері және депутаттары, Қазақстанның Құрылысшылар Одағы, Қазақстан Ұлттық индустриялды палатасының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.
            Кездесу барысында  Иранның заманауи құрылыс жолдарын, ғимараттар және құрылыстар салудағы, ауыл  шаруашылығын, тамақ  және тоқыма өнеркәсіптерін дамытудағы тәжірибелері талқыланды. Иран экономикасы 25 жылдан астам батыс мемлекеттерінің қатаң экономикалық санкциялар  жағдайында жұмыс істеп жатқаны белгілі. 
            «Бізге экономикалық блокада оң ықпалын да тигізді, бәрінен бұрын көптеген кедергілерді қысқартылды, тауар және қызмет көрсетудің өзіндік құны оңтайландырылды, мәселен, Иранда жоғары санаттағы автомобиль жолдары құрылысының  салу құны көрші елдерге қарағанда 1,5-2 есеге төмен. Біз Қазақстанға жоғары сапалы әрі қолжетімді бағамен құрылыс және әрлеу материалдарының тізбесін көп мөлшерде тасымалдаймыз, сіздерден бидай сатып аламыз. Бірақ, біздің экономикалық  ынтымақтастығымыздың әлеуеті әлдеқайда кең»-деп атап өтті Абдуали заде.
            Өз кезегінде, Азат Перуашев айтылған жайлармен келісетінін жеткізді: «Иранда тамақ және тоқыма салалары, ауыл шаруашылығы дамығанын біз білеміз. Қазақстан үшін сіздердің елдеріңіз Парсы шығанағы арқылы әлемдік нарыққа шығуды әртараптандыруға қолайлы мүмкіндік те. Менің ойымша, Түркменстан арқылы Иранға өтетін темір жол торабы іске қосылғанда өзара тауар айналымы және жаңадан ашылған мүмкіндіктер  едәуір өседі.  Бұл жолдың бір бөлігі Қазақстан жағынан салынып болды, өткен жылы Президент Назарбаевтың қатысуымен оның ашылуы өтті, ендігі кезек Сіздерде.  Аталмыш бағыттың іске қосылуы Ресей мен Қытайдан бөлек біздің жер үсті логистикасында тағы бір тура  жол ашады.»,-деп   атап өтті «Ақ жолдың» төрағасы.
            Бұдан өзге, Азат Перуашев Иранның халықаралық қауымдастықпен диалог жүргізуді де реттеудегі күш-жігерін және оң беталысын атап өтті. Бұл келешекте елдің сыртқы экономикалық жұмыстарына шектеулердің толықтай алынып тасталуына әкелуі тиіс.  « Қазіргі әлемде өзінің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтірмей әлемдік қауымдастықпен тіл табыса білу маңызды»,-деп айтты фракция жетекшісі.
            Ынтымақтастықтың ықтималды әлеуеті жағын талқылау барысында, ирандықтар «Қолжетімді баспана» бағдарламасына қатысуға дайын екендіктерін жеткізді: «Біз естігендей, көптеген қазақстандық компаниялар мемлекеттің әлеуметтік үйді салуға ұсынған бағасымен  тұрғын үй салуға құлықты емес. Бұлай болғанда, біздің қатаң экономикалық жағдайда жұмыс жүргізу тәжірибеміз болғандықтан, мұндай жұмысты атқаруға құрылысшыларымыз қуана кіріседі. Әрине, ол үшін қазақстанның талаптары мен құрылыс нормаларын зерттеуге уақыт керек,  бірақ біздің сейсмикалық қауіпті аймақтарда құрылыс жүргізу тәжірибемізді ескере отырып, соған сай болатынымызға  күмәнданбаймын»,- деп Абдуали заде сөзін бекіте түсті.
            Аталмыш ұсыныс Қазақстан құрылысшылар Одағының да қызығушылығын және нақты ұсыныстарын тудырып отырғанын кездесуде Мәжіліс депутаты Талғат Ерғалиев жеткізді.
            Тараптар Иран мен Қазақстан кәсіпкерлері арасындағы кедергілерді төмендетуге ықпал етуге дайын екендігін білдіреді.


Видео

12 қыркүйек 2017
А.Перуашев: Төл дыбыстардың сол қалпында сақталуына мән беру керек

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс