«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

02 сәуір 2018

Азат Перуашев: Тексеріс жаппай жүргізілгені дұрыс – «Егемен Қазақстан»

02.08.2018ж.

Ресейдің Кемерово қаласын­да­ғы қайғылы оқиға от пен судан қор­ға­нуды үнемі назарда ұстап отыру керектігін бәріміздің есі­мізге салды. Осыдан екі жыл бұ­рын Мә­жі­лістегі «Ақ жол» пар­тиясының фрак­­циясы Ішкі істер министрлігіне хат жазып, биік үйлердегі өрт қауіп­сіздігін сақтау талаптарының орын­дал­май жат­қа­нын жеткізген еді.

           

 Министрлік бізге берген жауабында алаңдаушылығымыздың орын­ды еке­нін айта отырып, аза­мат­тық қор­ғаныс органдарының то­лық тек­серіске өкілеттігі жете бер­мей­тін­ді­гін пайдаланған кейбір кә­сіп­­керлер өрт қауіпсіздігін са­қ­та­майтынын жаз­ған. Сын-қа­тер­ді ба­­ғалаудың жа­ңа жүйесі ен­гі­зіл­геннен бастап, өрт қау­іп­сіздігі мемлекет тарапынан бақыланатын нысандардың саны 140 мыңнан 29 мыңға дейін түсіріліпті. Соның ішінде халық көп жүріп-тұратын 110 мың ғи­ма­раттың өрт қауіпсіздігі мүл­де тексерілмейтіндігі айтыл­ған.

Біз Үкімет пен Алматы қала­сы әкімінің жуырда барлық сау­да орта­лық­тары мен балалар меке­ме­­ле­рінің өрт қауіпсіздігін жос­пардан тыс тек­серу туралы берген тапсырмасына тәнті­міз. Бұл халық арасындағы қобалжуларды біршама азайтатыны анық.

Сонымен қатар бұл проб­ле­маға үстірт қарамау керектігін еске сала­мыз. Қазір сауда орта­лық­тары ға­на емес, кез келген биік үйлер мен әкім­шілік ғи­ма­рат­тардың жо­ғар­ғы қа­батынан өрт сөндіру бас­пал­дақт­а­рымен түсе алмайсыз. Өйткені олардың бәріне құлып салынған неме­се жолда түрлі заттар үйіліп қал­ған. Өрт сөндіру дабыл­дары мен тү­тін шығатын мұржалардың да то­лық жұмыс істей­ті­ніне күмәніміз бар. Сондықтан тексеріс жаппай жүр­гізіл­ге­ні дұрыс.

Біздің фракция мәселенің мәнісін білмей, әлеуметтік желі­лер­­де сауда орталықтарын ғана кінә­лап, олар­­ға бойкот жария­лау­ға шақырған үндеулерге қарсы. Өйткені бұлар ғана емес 140 мың ғимарат өрт қауіп­сіз­дігі талабына толық жауап бере алмайды.

Сонымен бірге біз өрт қауіп­сіз­­дігін сақ­тау органдарының те­к­­серіс­тері кәсіп­керлерді тығы­рық­қа тіреп, қор­қытып ақша алу­ға соқтырмаса екен деп алаң­дай­мыз. Сондықтан да қазір кей­бір кәсіпкерлер ғимарат­та­рын­да­ғы өрт қауіпсіздігі жүйесін өз ерік­те­рі­мен тексеріп жатыр.

Мәселеге біржақты қарамай, то­лық талқылайтын болсақ, қауіп қазір өрт­тен ғана емес, тамақ өнім­дерінен, ба­лалар ойын­шық­тарынан, түрлі ескі техника­лар мен лифт шаруашылығы қыз­мет­терінің сапасыздығынан, тіпті сто­матологиялық кабинет­тер­­дің жауапсыздығынан да бо­лып жа­тыр. Осы жылдың басын­да Ұлттық кә­сіп­керлер палатасы Үкі­метке тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі талаптарын күшейтуге бағытталған заң жобасын әзірлеуді ұсынған. Біз жуырда Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, осы заң жобасын тезірек әзірлеуге ша­­қырдық. Сонымен бірге оны әзір­леуге өзіміздің белсене қа­ты­су­ға дайын екенімізді жет­кіздік. Азат ПЕРУАШЕВ, Мәжіліс депутаты

 

Источник: «Егемен Қазақстан» газеті

 


Видео

19 сәуір 2018
Программа "Әлеумет". Интервью. Гость студии - депутат Мажилиса Парламента РК Меруерт Казбекова

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс