«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

28 мамыр 2014

Үкімет «Ақ жолдың» қатардағы еңбеккерлер үшін «Еңбек ардагері» атағын беру бастамасын қолдады
             2014 жылғы 28 мамыр, Қазақстанның «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі.
            «Ақ жолдың» бастамасымен қатардағы еңбеккерлерге ұзақ жылғы адал еңбектері үшін «Еңбек ардагері»-«Ветеран труда» атағы және «Еңбек»ордені тағайындалатын болады –деп Үкіметтен фракция депутаттарының сауалына тиісті жауап берілді.
            Есімізге түсіре кетейік, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде «Ақ жол» «Еңбек ардагері»-«Ветеран труда» атағын қайта қалпына келтіру туралы ұсыныс жасады.
            «Бүгінде аз қорғалатын адамдардың санатына жататындар – бұлар зейнеткерлер, олардың көпшілігі 40,50 жылдан астам халық шаруашылығында жұмыс істеген.
            Біз бәріміз ардагерлеріміздің алдында мәңгілік өтелмейтін борыштармыз, олар қазіргі Қазақстанның әлеуетін қалыптастыруда аз еңбек жасаған жоқ және олардың ұзақ жылғы маңдай терлерінің жемісін бүгін көрудеміз. Астанамыздың кез келген жарқыраған ғимаратында, Қазақстанның бүгінгі кез келген жетістіктерінде, біздің әр ардагеріміздің қолымен қаланған тасы бар екенін айтуға міндеттіміз.
            Бірақ өкінішке орай,  олардың еңбегінің үлесі бұл кісілердің алған зейнетақылары материалдық игіліктеріне  әрдайым сайма-сай келе бермейді»,-«Ақ жол»ҚДП фракциясының тапсырмасы бойынша  С.Қадралиева  жариялаған сауалда осылай атап көрсетілді.
            «Ақ жолда» тіпті әлемдік дағдарыстың жалғасып жатқан кезіндегі бюджеттің жетіспеушілігі жағдайының өзінде де олардың жүріп өткен үлкен өмір жолдарына қарап аға ұрпаққа қарапайым ғана құрмет жасау керек деп есептейді.
            «Сайлаушылармен кездесуде, біз әрдайым зейнеткерлерден еститін өтінішіміз тек қана материалдық проблемалар емес, сонымен қатар мемлекет олардың сіңірген еңбектерін бағалағанын қалайды. Қазақстандықтардың көпшілігі әйгілі министрлер немесе зауыт директорлары емес, қатардағы  қарапайым еңбеккерлер ғой, олардың еңбектері бұдан қоғам үшін  маңызсыз немесе құнсыз болып қалмайды»,-деп атап өтті. –Немерелерімен сөйлескенде, басқа адамдармен кездескенде, тіпті кездейсоқ адам да олардың сіңірген еңбектері жайлы, олардың өмірлерінің оңай болмай адамдар үшін қажетті   істерге  толы болғанын білетініне сенімді болуы керек.
            Депутаттық заңнамалық бастамалар шеңберінде А.Перуашев пен С.Қадралиеваның тиісті ұсынысы Еңбек кодексіне кәсіподақтар туралы заң жобасын талқылау барысында түзету енгізілді. Мәжілістің қолдауына ие болды және қазір Парламент сенатының қарауына жіберілді.
            «Ақ жолдың» сауалына алған жауапта: «Үкіметпен жаңа «Еңбек»орденіне және жаңа «Еңбек ардагері» медаліне және байланысты заңнамалық бекіту және қаржылық жағынан қамтамасыз ету шаралары қабылданады. Марапаттарды тағайындау туралы  тиісті шешім мүдделі мемлекеттік органдардың келісімін алуға жіберілген».
            «Ақ жол»ҚДП Үкіметке фракция депутаттарының бастамасын қолдағаны үшін ризашылықтарын білдіреді. Біздің еліміздің қатардағы еңбеккерлеріне, қарапайым жұмысшы мамандығы иелеріне қоғамның құрметін қайтаратын бұл қадамның  маңызды рөл атқаратынына партияда сенімді.
            «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қатардағы  сайлаушылардың  мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.  


Видео

23 сәуір 2017
«Ақ жол» партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс