«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

29 мамыр 2014

Азат Перуашев: Біреулер елі үшін, ал енді біреулер ақша үшін жанталасады – өзіміздің спортшылар мен легионерлердің арасындағы айырмашылық, міне осы
29 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Біреулер елі үшін, ал енді біреулер ақша үшін жанталасады.Өзіміздің спортшылар мен натурландырылған «легионерлердің» арасындағы айырмашылық, міне осы – «Ақ жол» партиясының төрағасы Мәжілістің пленарлық отырысында физкультура және спорт туралы заң жобасын талқылау кезінде осылай деп мәлімдеді.
«Физкультура және спорт туралы заңның маңызды мәні бар, бұл жобада көптеген мәселелер бойынша прогрессивті шешімдер ұсынылған. Мысалы, тура осыдан бір ай бұрын «Ақ жол» фракциясы мүгедек-спортшыларды қолдау туралы, Параолимпиадалық және Сурдолимпиадалық ойындардың жүлдегерлері үшін лайықты сыйақылар тағайындау туралы депутаттық сауал жолдаған болатын. Осы жобада біз қойған мәселелер түсіністік тапты, ол үшін біз заң жобасын әзірлеушілерге де, және жұмысшы тобына да ризамыз.
Бірақ сонымен қатар өзінің өзектілігіне қарамастан, әлі де шешілмей қалған мәселелер бар. Мәселен, жаттықтырушылар жұмысына қолайлы жағдайлар жасау және әлеуметтік қорғауға қатысты біздің бірқатар түзетулеріміз қолдау таппады. Бұл спорттық процестің маңызды қатысушылары спорттық федерациялар деңгейінде де, мемлекет деңгейінде де лайықты қолдауға ие бола алмай отыр»,- деп атап өтті Азат Перуашев.
«Мен құрама командалардың жаттықтырушылары туралы айтып отырғаным жоқ әрине, мен біздің балалармен жұмыс істейтін, оларды алғаш рет спортзалдарға әкелетін және спорт шеберлігіне дейін жеткізетін спорттың қатардағы педагогтарын айтып отырмын».- деп нақтылады ол.
Сонымен бірге демократиялық фракциядан депутат қатардағы жаттықтырушының жалақысы мұғалімнің орта жалақысынан төмен екендігін еске салды. Сондықтан да біз заң жобасын әзірлеушінің олимпиада чемпиондары жаттықтырушыларына мемлекеттік үй бөлу туралы «Ақ жолдың» ұсынысын «бюджетке күш түсуіне» байланысты қабылдаудан бас тартып отырған жауабымен келісе алмаймыз.
«Олимпиада 4 жылда бір рет өтеді. Лондонға дейінгі барлық олимпиадаларда біз 2-3 алтын медалдар алдық. Лондонда 7 алтын олимпиадалық медалдар алдық, жақсы, ал бірақ соның қаншасы біздің өзіміздің спортымыздың түлектері? Төртеуі: Винокуров, Сапиев, Рыпакова, Ильин»,- деп мысал келтірді Перуашев.
«Егер біз олардың жаттықтырушыларын пәтерлермен қамтамасыз етсек, жыл сайын бір пәтерден келеді. Біздің бюджет осыдан қатты әлсіреп қала ма? Бір пәтер қанша тұрады? 8-10 млн теңге. Ал есеп комитетінің мәліметі бойынша тек қана өткен жылы 131 млрд-тан артық ақша тиімсіз жұмсалған»,- деп атап өтті Перуашев.
«Сонда бізге болашақтағы олимпиада чемпиондарын біздің мектептеріміз бен ауылдардан тәрбиелеудің орнына легионерлерді алу жеңіл болып тұрғаны ма, біз осыны айтып отырмыз»,-деді ол.
            Ақ жолдың» көшбасшысы өз сөзіне иллюстрациялық реңк бере сөйледі: «Жақында Минск қаласында хоккейден әлем чемпионаты аяқталды. Оған Қазақстан құрамасы да қатысты, біздің демеушілеріміз орасан зор көңіл аударып қаражат бөлді. Онда Талғат Жайлауов және басқа да қазақстандықтар  және де сатып алынған легионерлердің үлкен тобы да барды. Олардың қалай ойнағанына қараңыздаршы, бірде-бір ойында  ұта алған жоқ, барлығында да жеңіліп қалды. Тіпті ойын барысында алға шыққан екі матчта да екпінін бәсеңдетіп алып - қорытындысында жеңіліс тапты.
            Ал олардың жанында қатарларында 40 жасқа келген ойыншылары  бар Латвия құрамасы ойнады. Латвия құрамасы тістесіп ойнап, әр кездесуді ерік-жігерінің күштілігімен өз пайдасына шешуге тырысты.  Жарыс барысындағы төрт ойында ұтылып жатып, соның 3-уін: күшті командаларды, әлемнің соңғы чемпионатының жүлдегерлерінің ұтты.
            Біздің спортшылар ойын алаңында латыштар тәрізді неге жанын салмады? Өйткені, олар өз елдері үшін ойнады, ал біздің құрамадағылар ақша үшін ойнайды. Міне, өзіміздің спортшылармен легионерлердің арасындағы  айырмашылық осында»,-деп Перуашев атап көрсетті.
            «Елімізде жоғары жетістіктікті спортты дамыту үшін көптеген жұмыстар  атқарылып, сәулетті құрылыс кешендері, спорттық ғимараттар салынуда. Бірақ, егер мұндай залдағы бір жаттығудың құны ата-аналарға 5 мың теңге және одан да көпке (ал мұндай шағымдар бар) түсетін болса, бұқаралық спорт көптеген қарапайым отбасылары үшін қолжетімді емес болып қала береді.
            Осыған қарамастан үлкен спортшылардың түгелі дерлік қарапайым отбасыларынан шығып жатады. Өйткені, оларға өмірде жетістікке жету үшін бірден-бір мүмкіндік кей кезде осы ғана. Ал дәулетті ата-аналардың балалары өз дегенінен аумай тамыр соғысын жоғалтқанға дейін тер төгіп спорт залда немесе кілемнің үстінде алысқанша, мұнайшы немесе банк қызметкері болғанды қолайлы көреді.
            Спортта жоғары жетістікке жету, жастарға үлгі көрсету, еліміздің мәртебесі үшін әрине өте маңызды. Мұндайда бастапқы кезде легионерлер керек. Бірақ бұл бұқаралық спортты ауыстырмауы керек деп біздің әріптесіміз депутат Әбілдаев айтқандай: олимпиада жеңімпаздары болып санаулылар ғана шығады, ал бізге керегі, санаулылар ғана емес, әрбір қазақстандықтың салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортқа тартылып, күшті әрі жинақы болуы»-деп санайды Азат Перуашев.    
            Осыған орай депутат атышулы заң жобаларының бірқатарын еске салды: «Еске түсіріңіздерші, алкогольді ішімдіктердің айналымы туралы, шылым шегуді шектеу, темекіге қарсы үгіт-насихат жұмыстарына бюджеттен қанша ақша бөлінетіндігі жайлы заңдарды талқылау барысында біз қаншама әлекке түстік. Ал әсері керісінше, өйткені тиым салынған жеміс әрдайым тәтті көрінеді. Бұл нәрселерге тиым салмай, есесіне оларға нақты балама табуымыз керек. Ал ол үшін спортпен шұғылдану сигарет пен бір банкі сырадан арзан және қолжетімді болуы тиіс».
            «Ақ жолдың» көшбасшысы аталған мәселеге байланысты Президенттің тапсырмаларын да еске салды: «Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасында Президент  мектептегі физкультура мұғалімдеріне олар сабақтан кейін спорт секцияларының жұмысын жүргізсін деп үстем ақы төлеуге тапсырма берді. Бұл дұрыс, егер әрбір ауылда немесе мектептерде балалардың спортқа қызығушылық қабілетін оята алатын, оларды жаттығуларға тартуға қабілетті энтузиастар болмаса спорт ешқашанда бұқаралық бола алмайды. Сондықтан неше түрлі кеңсешілдік шектеулерді - аккредитациялауды, сертификаттауды және т.б ойлап таппай, жаттықтырушының қиын жұмысын барынша көтермелеу керек.
            Түсініңіздер, дәл осы  кісілер көптеген ұлдар мен қыздарды спортзалына ертіп әкеледі, олармен жылдар бойы жұмыс істейді, спорт шеберіне дейін жеткізеді.  Егер оқушы жетістікке жетсе - ол әрі қарай жалғастырады. Ал олар өздерінің спорт залдарына тағы да қайта оралады және жаңа дарындарды өсіріп шығарады. Бұл барлық ұлттың денсаулығына оң ықпалын тигізетін орасан зор және көзге көрінбейтін еңбек.
            Екінші оқылым барысында аталмыш заң жобасының жаттықтырушыларды қолдау және қорғауды күшейту бөлігін жетілдіруді, және осы шартпен құжатты қабылдауды ұсынамын»,- деп  «Ақ жол» демократиялық партиясының атынан Азат Перуашев сөзін қорытындылады.


Видео

23 сәуір 2017
«Ақ жол» партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс