«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

03 сәуір 2018

Елбасы бастамасын қолдап отыр

2018 жылғы 3 сәуір, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Бүгінде барша қоғам Елбасының бес әлеуметтік бастамасына ерекше назар аударып отырғаны анық. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Бурабай ауданына сапары барысында осындағы ең байырғы оқу орны - Экология және орман шаруашылығы колледжінде болып, осы тақырып жөнінде студенттермен және оқытушылар қауымымен пікір алмасты.

              

Колледж директоры Владимир Скляров бұл оқу орнына биыл 120 жыл толатынын қуана жеткізді. Оқу орнының білім беретін кабинеттерін аралап, осы заманғы білім беріліп жатқанына қанықтық. Негізі, мұнда даярланатын мамандарға сұраныс жоғары екен. Оқу бітіруші түлектердің 70-80 пайызы жұмыспен қамтылады. Бір ойланарлығы,  орман және табиғат аясына көздің қарашығындай қарауға баулитын мамандарды шетелдерге шақырту жасалатыны. Былай қарағанда, біз жас мамандарымызға өзге елдің осынша қызығушылық танытуы қуанарлық жай сияқты. Бірақ, халық қалаулысы Меруерт Қазбекова мемлекет қаржысына оқыған мамандардың оқу бітіре сала шетелге тайып отыруы жақсылық емес екенін айтты. Құтты біз осындай сұранысқа ие мамандарды шетел, оның ішінде, Ресей мен Беларусь мемлекеттері үшін дайындайтын сияқтымыз. Бұл ақшаны желге шашу емес пе?! 

           

Депутат кез келген түлек кемі 2-5 жыл практикадан өтуі тиіс деді. Мемлекет қаржысының да қайтарымы болуы керек қой.

Ал, мәжіліс залындағы кездесуде Елбасы бастамасы кеңінен талқыланды. Оқытушылар да, студенттер де өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Білім ордасының басшысы жатақхана мәселесі алдағы уақытта жүз пайыз шешілетінін жеткізді. Жаңа оқу корпусын жасақтау арқылы ескі ғимарат жатақханаға айналмақ.

Депутат жергілікті жерде осындай жақсылықтарға да қанықты, өзекті мәселелерге де ден қойып қайтты.


Видео

19 сәуір 2018
Программа "Әлеумет". Интервью. Гость студии - депутат Мажилиса Парламента РК Меруерт Казбекова

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс