03 сәуір 2018
Елбасы бастамасын қолдап отыр |
2018 жылғы 3 сәуір, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі Бүгінде барша қоғам Елбасының бес әлеуметтік бастамасына ерекше назар аударып отырғаны анық. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Бурабай ауданына сапары барысында осындағы ең байырғы оқу орны - Экология және орман шаруашылығы колледжінде болып, осы тақырып жөнінде студенттермен және оқытушылар қауымымен пікір алмасты. Колледж директоры Владимир Скляров бұл оқу орнына биыл 120 жыл толатынын қуана жеткізді. Оқу орнының білім беретін кабинеттерін аралап, осы заманғы білім беріліп жатқанына қанықтық. Негізі, мұнда даярланатын мамандарға сұраныс жоғары екен. Оқу бітіруші түлектердің 70-80 пайызы жұмыспен қамтылады. Бір ойланарлығы, орман және табиғат аясына көздің қарашығындай қарауға баулитын мамандарды шетелдерге шақырту жасалатыны. Былай қарағанда, біз жас мамандарымызға өзге елдің осынша қызығушылық танытуы қуанарлық жай сияқты. Бірақ, халық қалаулысы Меруерт Қазбекова мемлекет қаржысына оқыған мамандардың оқу бітіре сала шетелге тайып отыруы жақсылық емес екенін айтты. Құтты біз осындай сұранысқа ие мамандарды шетел, оның ішінде, Ресей мен Беларусь мемлекеттері үшін дайындайтын сияқтымыз. Бұл ақшаны желге шашу емес пе?! Депутат кез келген түлек кемі 2-5 жыл практикадан өтуі тиіс деді. Мемлекет қаржысының да қайтарымы болуы керек қой. Ал, мәжіліс залындағы кездесуде Елбасы бастамасы кеңінен талқыланды. Оқытушылар да, студенттер де өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Білім ордасының басшысы жатақхана мәселесі алдағы уақытта жүз пайыз шешілетінін жеткізді. Жаңа оқу корпусын жасақтау арқылы ескі ғимарат жатақханаға айналмақ. Депутат жергілікті жерде осындай жақсылықтарға да қанықты, өзекті мәселелерге де ден қойып қайтты. |
Видео
19 сәуір 2018
|
Жаңалықтар мұрағаты
2011
2012
2013
2014
2015
2016
янв
фев
мар
апр
май
июн
июл
авг
сен
окт
ноя
дек
Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс