«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

17 сәуір 2018

Біздің елге жұмыс іздеп келген еңбек мигранттары заңдарымыз бен төл мәдениетімізді білуге және құрметтеуге міндетті - Азат Перуашев

2018 жылғы 17 сәуір, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Біздің елге жұмыс іздеп келген еңбек мигранттары заңдарымыз бен төл мәдениетімізді білуге және құрметтеуге міндетті – бұл туралы Азат Перуашев «Қазақстан Республикасындағы көші-қон бақылауының жай-күйі және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» деген тақырыпта өткен «үкіметтік сағатта» мәлімдеді.

             

Ол фракцияның өткен жылғы наурызда жолдаған депутаттық сауалын еске сала кетті.

«Еуропа тәжірибесі көрсеткендей, өзге тілдегі, мәдениеттегі және этникалық құрамы жат елдерден мындаған мигранттардың бақылаусыз келуі - қабылдаушы елдердің ұлттық бірегейлікті сақтауына қауіп туғызады», - деп сауалда атап өткен еді. Сол кезде «Ақ жол» депутаттары Германия, Австрия сынды елдердің бірқатар қалаларында орын алған ойға сыйғысыз, масқара оқиғаларды нақты мысал етіп көрсеткен болатын.

Фракция, осыны ескеріп, елімізде миграциялық дағдарысты күтпей-ақ, оны реттеу мен қазақстандық бірегейлікті қорғау жөнінде алдын алу шараларын қолға алуды ұсынды.

«Ақжолдықтардың» пікірінше, азаматтық немесе елде уақытша тұруға ықтиярхат алғысы келгендер ғана емес, сонымен қатар, еңбек мигранттары немесе ұзақ мерзімге виза алушылар да жұмыс істеуге келген мемлекеттің заңдары мен мәдениетін білуге және оны құрметтеуге тиіс. Мәселен, бұл көршілес Ресей сияқты көптеген өзге елдерде заңға енгізілген. Осы орайда, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі «Абу-даби Плаза» кешені аумағында шетелдік жұмыскерлермен болған жанжалды ашық мысал ретінде келтіріп өтті.

Сол себепті, «үкіметтік сағаттың» қорытындысы бойынша Азат Перуашев ұсынымдар пакетіне мигранттарға арналған осындай талаптарды енгізуді ұсынды.

Одан басқа, ол Ішкі істер министрлігі ұсынған шетелдік жұмыскерлердің қоғамдық тамақтандыру, сауда-саттық, құрылыс және т.б. салаларда жұмыс істеуіне рұқсат беруді жеңілдетуге өз қарсылығын білдірді.

«Олар жоғары білікті жұмысшылар емес, бізде мұндай мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындары мен колледждер жетерлік. Сондықтан да, менің ойымша, бұл мәселені көтеру артық», - деп баса айтты.

Сонымен, Еңбек министрлігінің деректері бойынша, 2017 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 54,1 мың адамды құрады, Ішкі істер министрлігі үй шаруашылығындағы қызметкерлерге 340 рұқсатнама берген, ал сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда еңбек мигранттары саны айтарлықтай жоғары – тек 2015 жылдың өзінде бұл шамамен миллион адамға жеткен.

Кешегі «үкіметтік сағат» барысында келтірілген ақпаратқа сәйкес өткен жылы Ауғанстанның 49 азаматы заңсыз жолмен «оралман-қазақтар» мәртебесін алуға тырысып, әрекет етсе, ал 30 мыңнан астам адам біздің еліміздің азаматтығын жеңілдетілген түрде, соның ішінде заңсыз - көші-қон полициясы қызметкерлеріне пара беру арқылы алған.

«Бұл ұсыныс ешкімге ешқандай да дискриминация білдірмейді. Алайда, оларға біздің халық пен мемлекетті құрметтеуге тура келеді. Бүгінде азаматтыққа құқық алу үшін емтихан тапсыру Австралия, Австрия, Германия, Канада, Нидерланды, АҚШ, Израиль, Оңтүстік Корея сияқты көптеген елдерде қолданылады», - деген Перуашев осыдан бір жыл бұрын мұндай емтихандарды тапсыру негізінен ақылы болғандықтан - бюджетке ешқандай жүк түспейтінін де қадап айтқан еді.

«Оңайлатылған тәртіпте азаматтықты негізінен этникалық қазақтар алатынын ескерсек,онда оны алудың бірден-бір басты шарты мемлекеттік тілді білуге арналған емтихан тапсыру болуы керек», - деп есептейді «ақжолдықтар».

 


Видео

25 қыркүйек 2018
18.09.2018 жыл. "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы: Есеп комитетін қаржыландыру Үкіметтен тыс болуы қажет - Азат Перуашев.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс