«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

18 мамыр 2018

Азат Перуашев: Шекаралық бақылау қызметкерлері қандасымыздың нашар денсаулығына да қарамаған – «Qazaquni.Kz»

18.05.2018 жыл

 

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қ. Н. Қасымовқа

 
 



Қадірлі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!

2018 жылдың 2 мамырдан 3-мамыр күніне қарағанда, таңғы сағат 03:00 шамасында Қазақстан азаматы Нұрсейіт Төлегенұлы мен әйелі, ұлты қазақ Жайнагүл Ғажапқызы және бір жарым жастағы ұлдары Ақжол Нұрсейітұлы Мысырдан Алматы әуежайына ұшып келеді. Әуежайдағы шекаралық бақылаудан өтіп жатқан тұста Жайнагүлдің Қазақстанда жүріп-тұруға арналған Ықтиярхатының жарамдылық мерзімі 2021 жылы аяқталатын болса да, жарамсыз деп табылған. Сол себепті, Нұрсейіт пен 1,5 жасар ұлы Ақжол Қазақстанда қалып, Жайнагүлді Шекаралық бақылау қызметі келген бетімен Мысырға кері қайтарып жіберген. Бірақ Жайнагүлді Дубайға жіберіп, Дубай арқылы ол Түркияға, Стамбұлға жеткізілді. Енді Жайнагүлдің Қытайға депортациялану қаупі төніп тұр. Ал Қытайдағы қазіргі жағдайды ойласақ, аяғы ауыр Жайнагүлдің Египетте оқып келгендіктен жағдайы өте ауыр болатыны белгілі.

Нұрсейіт Төлегенұлы 1986 жылы ҚХР, ШҰАР, Мори ауданында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тасқарасу ауылы, Жанысбаев көшесі 10-үйде тұрады.

Әйелі Жайнагүл Ғажапқызы – Қытай Республикасының азаматы. Екеуінің отасқандарына 2,5 жыл болған. Бір жарым жаста ұлдары бар. Жас жұбайлар Египет Ислам Республикасында, Мысыр қаласында білім алған.

Жайнагүл Ғажапқызы Қазақстан азаматтығын алып үлгермеген. Бірақ Ықтиярхаты бар. Ықтиярхаттың жарамдылық мерзімі 2021 жылы аяқталады. Қазақстан аумағында 183 күннен астам уақыт болмағандықтан, Ықтиярхат жарамсыз деп танылған.

Жайнагүл аяғы ауыр болғандықтан жолсоқты болып, қатты ауырып келген. Шекаралық бақылаудан өтетін кезде, түрін тексеру үшін камераға қарап тұрған жерде құлап қалып, әуежайдың жедел дәрігерлік көмек көрсету қызметіне жүгінеді. Олар бастан-аяқ тексереді. Шынымен де Жайнагүлдің денсаулығы нашарлап кеткенін сол жердегі дәрігерлердің өзі анықтаған. Шекарадағылар оған да қарамаған.

Өзіңізге белгілі, ықтиярхатпен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде 183 күннен артық тұрған азамат қылмыстық емес, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылады. Оның өзінде, азамат бірінші мәрте құқық бұзса, аталған 49-баптың 5) тармағына (Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған) сай, оған Көші-қон полициясы тарапынан ескерту беріліп, ары кеткенде айыппұл ғана қарастырылған.

Демек, Жайнагүлді Қазақстан аумағынан тыс жерде 183 күннен артық тұрғаны үшін шекарадан кері қайтарып, әуреге салмай әкімшілік жауапқа тартуға болар еді.

Осыған орай, құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы, осы оқиғаға байланысты, сіз басқарып отырған министрліктің қарамағындағы көші-қон полициясы қызметімен ақылдаса отырып, қиын жағдайға душар болған қандастарымызға көмектесіп, екіге айырылған отбасыны қайта қосу амалдарын қарастыруды өтінеміз.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» партиясының төрағасы,

ҚР Мәжіліс депутаты

А. Перуашев

 

            Источник: «Қазақ үні» газеті

 


Видео

14 маусым 2018
Азат Перуашев об угрозах мировой безопасности

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс