«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

30 мамыр 2018

Ашықтық пен бәсекелестік болмаса цифрландыру фетишке айналады – Азат Перуашев Үкіметті сандық экономиканы реттейтін заңдарды тездетіп әзірлеуге шақырды

 2018 жылғы 30 мамыр, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Ашықтық пен бәсекелестік болмаса цифрландыру фетишке айналады – Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясының атынан жолдаған сауалында үкіметті цифрлық экономиканы реттейтін заңдарды тездетіп әзірлеуге шақырды.

         

«2017 жылы Мемлекет басшысы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Бағдарлама қабылданды, бірқатар көрсетілетін қызметтер сандық форматқа көшті, қағазбастылық қысқаруда», - делінген сауалда.

Сонымен қатар, Перуашев олардың шешімінсіз цифрландырудың тиімсіз болу қауіпі бар жүйелік мәселелерді атап өтті.

Бірінші. Орындаушылар қолданыстағы үдерістерді электрондық форматқа аударуға баса көңіл бөлуде. Бірақ сандық экономика электронды анықтамамен шектелмейді. Бұл жерде біз жаңа тауарлар, қызмет түрлері мен экономиканың жаңа секторларының пайда болуы туралы айтып отырмыз.

Мәселен, халықаралық медицинада дәрі-дәрмектік көп жылдық сынақтарды – əлемдік денсаулық сақтау жүйесі жинақтаған деректер базасын өңдеуге алмастыру туралы мәселе қойылып отыр.

Криминалистер қылмыстық істердің кішігірім детальдары мен анық емес қолтаңбаларды байқайтын компьютерлік бағдарламалар арқылы қылмыстық істерді нәтижелі әшкерелейтінін атап өтуде.

Сарапшылар блокчейн технологиясына негізделген сақтандырудың, банктік және қор қызметіндегі терең өзгерістердің перспективалары туралы айтуда. Бұл өтіп кеткен уақытпен ақпаратты бұрмалаусыз жинақтауға мүмкіндік береді.

Көлік саласына ұшқышсыз автокөліктер мен әуе таксилер енгізілуде, компаниялар нысандарға мониторинг жүргізу үшін ықшамдалған аппараттардың пайдасына тiкұшақтардан бас тартып отыр және т.с.с.

Сарапшылардың болжауынша, енді 2 жылдан кейін әлемдік экономиканың 25 пайызы дәл осылай цифрлық болады, ал оның үлесі жылдан-жылға тек одан сайын өсе түспек. Бұл қозғалыстың алдыңғы қатарында болған елдер дамудың қуатты серпініне ие болады, бұл цифрлық қарыштап дамыған (яғни, табысты) ұлттар мен қалған басқа «лузерлердің», яғни «жолы болмаған бейбақтар» арасындағы экономикалық даму және өмір сүру сапасындағы алшақтықтың үнемі артуына алып келеді.

«Қазақстан үшін табысты елдердің пулында болу және өзінің цифрлық өнімдерін құру бойынша жұмыс істеу өте маңызды. Әйтпесе, біз тек өзгелердің әзірлеген өнімдерін тұтыну бұйырған «жаңғыртуға жете алмай жүргендердің» қателігін қайталаймыз. Алайда «қаймағын» біріншілер сыпырып алады емес пе, одан кейінгі соңынан қуалап жүргендер емес», - деді Перуашев.

Екінші. Халықаралық сарапшылардың ең негізгі ұсынымдарының бірі - мемлекеттің экономиканы цифрландыруға араласуын шектеу. Үкімет бұл процесстің орындаушысы емес, модераторы рөлінде болуға тиіс.

«Бізде экономикадағы мемлекеттің үстемдік рөлі басымдығына байланысты лауазымды шенеуніктер жобаларды өздері іріктеп, оларға артықшылықтарды да өздері беріп, және де өздері соны жүзеге асырмақшы. Нәтижесінде мұндай цифрландыру өзінің ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғалту қауіпін тудырады, ал онсыз ол «фетишке» айналады», - деп есептейді «Ақ жол» көшбасшысы. Осыған орай, ол елден «білімділердің жылыстауын» болдырмау бағдарламасына деген қажеттілікті атап өтті.

«Бүгінде жас қазақстандық IT-мамандары басқа елдерге кетіп жатыр. Жуырда Сколковоға барған сапарымызда сонда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіттері мен қыздарын кезіктірдік. Ал Ресейде барлығы 70 мыңнан астам (!) жас қазақстандықтар оқиды. Мәлімет үшін – бұл Ресейдегі шетелдік студенттердің ең көп саны, бұл дегеніміз – Беларустан, Украинадан немесе миллиардтаған халқы бар  Қытайдан көп. Бірақ таланттылар тек білім алып қана қоймай, өз Отанына оралу керек», - деп Перуашев мәселені тереңнен қаузады.

Үшінші. Көптеген бағыттар бойынша цифрландыруды құқықтық реттеу жоқ. Өткен жылы Парламентке цифрлық экономиканы қолдау және реттеу бойынша заң жобаларының кешенді топтамасы енгізілмеді, ал айқын тәсілдерді жасап шығаруды талап ететін салалар айтарлықтай көп.

Оның үстіне, кейбір мәселелер бойынша шенеуніктер бірін-бірі жоққа шығаратын тәсілдерді жиі жариялайды – мәселен, криптовалюта.

«Кейбір елдерде криптовалюталық операцияларға тыйым салынған. Бірақ цифрлық технологиялар ұлттық шекараларды мойындамайды, бір қызығы, көбінесе «майнерлер» мен пайдаланушылардың ең көп саны дәл сол криптовалюталарға тыйым салынған елдерден шығады екен.

Мәселен, біздің Ұлттық Банктің басшылығы осы жылдың сәуір айында биржа қызметін қоса алғанда, криптовалюталармен операциялар жүргізуге тыйым салуға ниетті екенін мәлімдеді Сонымен қатар, Астана халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) цифрлық валюта рыногын енгізу жоспарланып отыр, ол орталықтың тартымды ерекшелігі бола алады. Мырзалар, өтініш, өздеріңіз нақты шешіп алсаңыздар. Әрине, кез-келген нәрсеге тыйым сала беруге болады. Алайда, әлемдегі цифрландыру үрдістері бұдан ұшты-күйлі жойылып кетпейді, кейде қателіктерге жол беруі мүмкін, дегенмен де бізге қарағанда әлдеқайда алға шығып кетеді.

Мүмкін, тыйым салмай, процесті реттеу дұрысырақ болар ма еді? Көнеден жеткен бір мақал бар, қарсылық көрсете алмасаң – оның ішіне ен де басқар деген. Алайда, сандық экономиканың нормативтік базасын қалыптастырмай тұрып, мұндай мүмкіндікке де ие бола алмай қаламыз», - деді Перуашев.

Осыған байланысты, «Ақ жол» депутаттық фракциясы Үкіметтен ұлттық экономиканың цифрлық секторына қолдау көрсету үшін заң жобаларын әзірлеп, оны Парламентке енгізуін тездетуді сұрайды.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

 

 


Видео

23 шілде 2018
"Хабар - 24". 20. 07. 2018 г. Было ли нарушение? Выступление Азата Перуашева, депутата Мажилиса Парламента РК на IV Съезде участников СЭЗ

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс