«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

18 маусым 2018

«Айқын нәрсені бұлыңғырға айналдырудың қажеті жоқ» – «Ақ жол» депутаттары мемлекеттік емес органдардың бизнесті реттеу бойынша жауапкершілігін енгізуді талап етеді

2018 жылғы 18 маусым, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Айқын нәрсені бұлыңғырға айналдырудың қажеті жоқ» – «Ақ жол» депутаттары мемлекеттік емес органдардың бизнесті реттеу бойынша жауапкершілігін енгізуді талап етеді. Бұл туралы Азат Перуашев Мәжілісте мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру туралы заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді. Шенеуніктер санын қысқартумен қатар, «Ақ жол» мемлекеттік функцияларды тапсыра отырып, берілген қызметті кабылдаған тұлғалардың да жауапкершілігін енгізу қажет деп санайды.

            

«Бүгінде министрліктер мен әкімдіктердің қызметкерлері осы өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде қызмет бабын асыра пайдалану және жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады. Алайда мемлекеттік емес органдарда тіпті де олай емес, мұндай заң қолданылмайды, әйтсе де оларға кәсіпорындардың қызметін тоқтатуға дейін құқық берілген», - деп атап өтті Перуашев.

Мұндай өкілеттіктер бопсалау және рейдерлік әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін, оның үстіне өзін-өзі реттейтін ұйымдар (ӨРҰ) ретінде жаңадан өкілеттікке ие болғандар ешқандайда жазаға тартылмайды, оларға қауіп жоқ.

«Кәсіпкер тұрғысынан алғанда, оның ақшаны кімге төлейтінінде айтарлықтай айырмашылық жоқ – мемлекеттік шенеунікке ме, жоқ әлде ӨРҰ-ның шенеунігіне ме. Егер мемлекеттік қызметкерге шағымдана алатын болса, ал өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бизнеске негізсіз қысым көрсетуінен қорғайтын құралдар заңда қарастырылмаған. Демек, функцияларды берумен бірге сол тапсырылған тұлғаларға да осындай жауапкершілікті енгізу қажет», - деп баса айтты «Ақ жол» көшбасшысы.

Ол «Ақ жол» фракциясы өзінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы және ағымдағы жылдың 24 қаңтардағы депутаттық сауалдарында мемлекеттік функцияларды беруге байланысты мәселелерді көтергенін еске сала кетті.

Алайда, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында заң жобасын талқылау барысында Үкіметтің және Ұлттық экономика министрінің берген жауаптарын, Перуашевтің пікірінше, қанағаттанарлық деп айтуға келмейді.

Мәселен, бүкіл әлемде өзін-өзі реттейтін ұйымдар тек кәсіби қызмет үшін ғана енгізіледі: нотариустар, бағалаушылар, аудиторлар және т.б. Ал, бізде өнеркәсіпті де қосуға шешім қабылдады. Ендеше, кәсіпорынның ішкі процестерін және де адамдардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін процестерді бөліп алу керек. Кез-келген жағдайда, мұндай мәселелер қоғам қауіпсіздігінің кепілі ретінде мемлекеттің бақылауында болуы тиіс.

Заң жобасында мұндай бөлу жоқ, яғни бұл «алгоритмдер» мен «баллдарға бөлу» жұмыс істемейді дегенді білдіреді. Айқын нәрсені бұлыңғырға айналдырудың қажеті жоқ», - деп мәлімдеді ол.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тарапынан болуы мүмкін қорқытып алу немесе рейдерлікке байланысты бизнестің заңды құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы сауалға – Үкімет жауап ретінде «атқарушы органның ротациясына», Азаматтық кодекс бойынша жауаптылыққа және Өтемақылық қорына сүйеніп отыр.

Бірақ «ақжолдықтар» қоқан-лоқы көрсеткені үшін түрмеге отырғызу немесе қызметтен босату керек деп санайды – бұл тек Қылмыстық кодекс немесе Әкімшілік кодекс арқылы шешілуі мүмкін.

«Егер бұрын бопсалаушыларды түрмеге қамаған болса, енді олар үшін ешқандай да қауіп жоқ. Министр бизнестің тұтынушылар алдындағы жауапкершілігі туралы айтты, бұл да қажет. Алайда, біз жаңа «бақылаушылардың» бизнес алдындағы жауапкершілігі жөнінде де айтып отырмыз. Ал, бұл тақырып төңірегінде бәрі сыпайы ғана үндемей қалуда», - деді Перуашев.


Видео

30 қазан 2018
29.10.2018. 31 канал. "ИнформБюро". Комсомол тойы парламентке жетті. Азат Перуашев бастаған бірқатар мәжілісмендер бұл күнді мереке емес, қасірет күні деу керек деп отыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс