«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

25 маусым 2018

Орманды отауға жол берілмесін – «Егемен Қазақстан»

25.06.2018. «Егемен Қазақстан» газеті

Бүгінгі таңда ормандар Қазақстан аумағы­ның 4,6 пайызын ғана құрайды. Сондық­тан осындай аз орманды алқапты қорғау біз үшін аса маңызды болып отыр.

             

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеге ерек­ше назар аударып, Астана қаласының айналасын жасыл желекке айналдыру туралы бас­таманы қолға алды. Бұл негізінен Ақмола облы­сындағы көршілес Бурабай мен Зерендіні туристік кластерге айналдыру аясында жүзеге асырылуда.

Осындай маңызды жобалар қолға алынып жатса да, Бурабай мен Зерендінің орманын заң­сыз отау азаятын емес. Бір көшетті отыр­ғызып, өсіру үшін ондаған жыл қажет. Бірақ орманға жаулықпен қарайтындар мұны назарға да алмайды. Өйткені оларға ағаш кесу құқығын беріп отырған да – орман­ды қор­ғауға тиісті мемлекеттік органдар. Біздің­ше бұл қаскүнемдікті дереу тоқтату керек. Абылай ханның ақ ордасы болған киелі Бура­бай­дың ағашын заңсыз кесіп, бір түп көшет отыр­ғызбау – ұлттық үлкен қасірет. Бурабайдың сұлу табиғаты біздің көз алдымызда жойылып барады.

Өткен жылдың өзінде Ақмола облысында 110 заңсыз ағаш кесу фактісі тіркеліп, жалпы аумағы отыз мыңдай шаршы метрдің ағашы заңсыз оталғаны анықталған.

Жақында «Ақ жол» ҚДП Мәжілістегі фракциясына Зеренді ауданы, Қанай би ауылының 75 тұрғыны қол қойған хат келіп түсті. Онда «Кіші Түкті» орман шаруашылығының тоғыз мыңдай гектар орман қоры «Жасыл ағаш» серіктестігіне ағаш кесіп, дайындау үшін 49 жылға пайдалануға заңсыз берілгені туралы дабыл көтерілген. Жергілікті тұрғындармен ешқандай қоғамдық тыңдау өткізілмеген.

Дәл осындай оқиға Бурабай ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында да орын алып отыр. Кесілген ағаштың орнына жас көшеттер отырғызу бағытында да жұмыстар жоқ деуге болады. Ағашты бұлай отай берсек, барлық жасыл байлығымыздан айырылып қаламыз. Елімізде туристік кластерді жүзеге асыру бас­тамасына да балта шабылуы мүмкін. Біз осы мәселелерді Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің назарына жеткізіп, тиісті шара қолдануды өтіндік.

Меруерт ҚАЗБЕКОВА,

Мәжіліс депутаты


Видео

25 қыркүйек 2018
18.09.2018 жыл. "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы: Есеп комитетін қаржыландыру Үкіметтен тыс болуы қажет - Азат Перуашев.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс