«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

04 шілде 2018

«Ақ жол»-дың жолдаған сауалы бойынша Бас прокуратура Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзу фактілерін растады

2018 жылғы 4 шілде, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол»-дың жолдаған сауалы бойынша Бас прокуратура Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзу фактілерін растады. Бұл туралы Бас прокуратураның фракцияның депутаттық сауалына жуырда ғана берген жауабынан белгілі болды.

Еске сала кетейік, «Ақ жол» ҚДП фракциясы мемлекеттік сатып алулар саласындағы кәсіпкерлердің мәселелерін бірнеше рет көтерді. Сонымен бірге, фракция депутаттарының атына келіп түскен өтініш хаттар жеке мемлекеттік органдар тарапынан нақты жеткізушілердің мүдделерін тықпалап оны лоббилендірудің тәжірибесінің үздіксіз жалғасып жатқанын, сондай-ақ заңнама нормаларына өз еркімен түсінік беретінін көрсетіп отыр.

             

Ағымдағы жылғы 23 мамырда Кеңес Абсатиров Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлерін қорғап фракцияның депутаттық сауалын жариялады. Сауалда бюджет ұйымдарының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзу фактілеріне және «өздерінің» жеткізушілерін конкурстың жеңімпаздары етіп «айла-шарғымен өткізіп» жіберудің шектен шыққан амалдары нақты мысалдар ретінде көрсетілді (http://akzhol.kz/ru/news/show/15817/1/4). Осы орайда, «Ақ жол» ҚДП фракциясы Бас прокуратура мен Қаржы министрлігіне жүгініп, баяндалған фактілерді тексеруін және олар анықталған жағдайда тиісті әрекет ету шараларын қолдануын сұраған еді.

«Бас прокуратура Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бюджет ұйымдарының мемлекеттік сатып алулар туралы  заңнаманы бұзу фактілері жөніндегі сауалды қарады. Атап айтқанда, «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ тарапынан сатып алудың ерекше тәртібін заңсыз қолдануы (трансформаторлы қосарлы станциялар құрылысы) және «Шардара аудандық оқушылар үйі» МҚКК әлеуетті жеткізушілер үшін біліктілік талаптарын негізсіз белгілеуі (балалар лагері ғимараттарын жалдау) көрсетілген»,-делінген Қайрат Қожамжаровтың берген ресми жауабында.

Трансформаторлық қосалқы станциялар құрылысы бойынша жұмыстарды сатып алу кезіндегі бұзушылықтар фактісі бойынша а.ж. 14 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ұйымдастырушының атына ұйғарым жолдағанын, сондай-ақ шартты жарамсыз деп тану туралы талап қою енгізгенін хабарлаймыз (сотта қаралу үстінде).

Ұқсас түрде Оңтүстік  Қазақстан облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) Сіздің уәждеріңіз бойынша шараларды қабылдады. Мәселен, қатысушыда материалдық ресурстардың міндетті түрде болуын анықтай отырып, тапсырысшы конкурстық рәсімдерді тағайындаудың орнына баға ұсыныстарын сұрату арқылы балалар лагерінің ғимаратын жалдау бойынша қызмет көрсетулерді сатып алуды жүргізген. Осыған байланысты, Департамент а.ж. 22 маусымда сотқа сатып алудың жеңімпазымен жасалған шартты жарамсыз деп тану туралы талап қою берген (сотта қаралу үстінде).

Сонымен, депутаттық сауалда көрсетілген барлық заңдылықты бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдармен тиісті ден қою шаралары қабылданды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.


Видео

03 қыркүйек 2018
Телеканал "Сарыарка". НА КОНТРОЛЕ ОБЩЕСТВЕННОГО СОВЕТА. Азат ПЕРУАШЕВ, депутат Мажилиса Парламента РК. 24 августа 2018 года.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс