«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

18 шілде 2018

Меруерт Қазбекова облыстық активпен кездесті

2018 жылғы 18 шілде, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекованың Ақмола облысына жазғы сессияға негізделген жұмыс сапары бастау алды. Алдымен ол Ақмола облыстық партия филиалындағы әріптестерімен кездесіп, алдағы жұмыс сапары жайлы ой бөлісті.

            

Бұл жолы Елбасының бес әлеуметтік бастамасын халыққа түсіндіру негізгі мақсат екені айтылды. Сонымен бірге, Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан туындаған міндеттер де елге кеңінен түсіндірілуі тиіс.

Актив жұмысына қатысқан партияның облыстық филиалы кеңесінің мүшелері өз ойларын ортаға салып, өңірде партия жұмысын жандандыру қажеттігін атап көрсетті. Жуырда облыстық филиалдың мұрындық болуымен Астананың 20 жылдығына арналып «Ел жүрегі – Елорда!» жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Оған жақсы баға берілді.

Алдағы уақытта да көпшілік шаралар қолға алынатыны айтылды. Бұған жергілікті кәсіпкерлер құқығын қорғау және Алаш құндылықтарын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды қосуға болады.

«Ақ жол» парламенттік фракциясының депутаты Меруерт Қазбекова өзінің қорытынды сөзінде филиалға жаңа міндеттер аясында жұмыс істеу керектігін баса айтты.


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс