«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

24 шілде 2018

Тұрғындармен кездесуде көтерілген мәселе көп
2018 жылғы 24 шілде, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы
Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Көкшетау қаласының іргесіндегі Чайкино ауылында болып, тұрғындармен кездесті.

             
Бұл басқосуға «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты, «Сауда пласт» құрылыс компаниясының бас директоры Ғалымжан Копишев, сондай-ақ қалалық мәлихаттың, ауыл әкімдігінің, қалалық  қызметтер өкілдері қатысты.
Аталмыш елді-мекен кезінде гидрогеология кәсіпорны жұмысын жандандыру мақсатында дүниеге келген еді. Ауыл тұрғындарының дені осы кәсіпорында жұмыс істеген-ді. Қазір бұл саланың жұмысы ырғағын бұзып, ауылда жұмыс орындары азайды.
Сонымен бірге, тұрғындар ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көңіл бөлінсе деген ұсыныстарын ортаға салды. Жолды жөндеп, көшелерді жарықтандырса деген талап-арыздарына назар аударған халық қалаулылары мүдделі мекемелер арқылы шешуге атсалысатынын жеткізді.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаты Меруерт Қазбекова бұл мәселені өз қадағалауына алатынын айтты. Өз кезегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемесі, жергілікті полиция қызметі өкілдері тұрғындар тарапынан айтылған әр шағым жерде қалмайтынын атап көрсетті.

            
            


Видео

23 шілде 2018
"Хабар - 24". 20. 07. 2018 г. Было ли нарушение? Выступление Азата Перуашева, депутата Мажилиса Парламента РК на IV Съезде участников СЭЗ

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс