«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

30 тамыз 2018

Республикалық Қоғамдық кеңес мүшелері Шымкентке келді – Shymkala.kz

28.08.2018.

SHYMKALA.KZ

Шымкентте Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен маңызды жиын өтті.

            

Аталған шараға Мәжіліс депутаттары, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлері, сондай-ақ, шымкенттік кәсіпкерлер қатысты.

Халықтың өзекті мәселелері шешіледі

Қоғамдық кеңестің мүшелері, Мәжіліс депутаттары Азат Перуашев пен Берік Дүйсембинов, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалыс кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, Қазақстанның жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті Рахман Алшанов пен ҚХА төрағасының орынбасары Виталий Тварионас Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және іскерлік нысандарды аралап, өңірдегі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысты. Делегация мүшелері алдымен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Студенттер үйіне барды, жатақхананың жағдайымен танысты. Жатақхана 500 студентке арналған.

 Бұдан кейін республикалық кеңестің өкілдері «7-20-25» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласындағы «Халықтық кеңседе» (Фронт-офис) орналасқан ақпараттық орталығына барды. Шымкент әкімдігі Қазақстанда алғаш рет бірінші бастама – «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағыты бойынша тұрғын үйді сатып алғысы келетіндерге көмектесу үшін осындай бірегей орталықты ашып отыр.

 Ақпараттық орталық «бір терезе» қағидаты бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында қала әкімдігі ұсынатын мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді.

– Елбасының бес әлеуметтік бастамасы – халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған. Ол бастаманың бірі әрі бірегейі – әр отбасының баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Яғни, «7-20-25» бағдарламасы. Нақтырақ айтсақ, осы уақытқа дейін банктер үй алуға несиені 18-30 пайызбен, алдын ала 50 пайызын төлетіп, 20 жылға дейін-ақ беретін болса, енді Елбасы несие пайызы 7 пайызға дейін, алдын ала төлем 20 пайызға дейін азайтып, ал несиені өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұзартылатынын айтты. Бұл алдымен мұғалімдерге, дәрігерлерге тиімді болады деп ойлаймын. Шымкентте көпбалалы отбасылар көп. Мұны да ескеруіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда бағдарламаға қандай өзгерістер енгіземіз, соны алда сараптап, зерделейтін боламыз, – деді Қоғамдық кеңес мүшесі,Қазақстанның жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.

 Тақырыптың жалғасы бойынша республикалық кеңестің мүшелері «Ақжайық» шағынауданындағы тұрғын үйлердің құрылыстарымен танысты. Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламаларын іске асыруға Шымкентте сегіз тұрғын үй кешенінің 136 пәтері дайын, ал екінші жартыжылдықтың соңына дейін 275 пәтер пайдалануға беріледі. Олардың көбі 2-3 бөлмелі пәтерлер. Сонымен бірге, Ұлттық Банктің деректері бойынша тамыз айының ортасында Шымкент қаласында 662,6 млн теңгеге тұрғын үй заемдарын алуға 77 өтініш келіп түскен.

            

Шымкент – республикалық маңызы бар қала. Инфрақұрылымы жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Халық саны миллионға жетті. Бұл ретте Елбасының бірінші бастамасының аясында әзірленген «7-20-25» бағдарламасы шымкенттік әр отбасы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Жергілікті әкімдіктер, жауапты мемлекеттік органдар осы бағдарлама бойынша жұмысты күшейтуі керек. Тұрғын үй бойынша Шымкентте 15 млн теңге шектеуді алып тастауды, яғни 25 млн-ға көтеруді біз де қолдаймыз. Ұлттық банкке осы бойынша арнайы сауал жолдауды жоспарлап отырмыз, – деді қоғамдық кеңестің мүшесі, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Шымкент – кәсіпкерлер көп шоғырланған қала

Келесі кезекте делегация мүшелері «Шағын несие беруді көбейту» төртінші бастама шеңберінде «Нұртас» шағынауданында орналасқан «СыдықовТ.К.» жылыжайында болды. Кәсіпорынның иесі Талғат Сыдықов мемлекеттік қаржылай көмек есебінен төмен пайыздық несиеге 5 млн теңге алып, өз бизнесінің өндірістік қуаттылығын арттырған. 
– Екі жыл бұрын «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы мемлекеттен несие алып, жылыжайда кәсібімді бастадым. Жылыжайымыз 9 соттық жер. Негізінен қияр, қызанақ егеміз. Оны Шымкенттегі базарларға өткіземіз. Құдайға шүкір, өнімімізге деген сұраныс жоғары. Екі жыл ішінде алған 5 млн теңге несиемнің 3,2 млн-ын қайтарып үлгердім. Енді қала әкімдігі тарапынан жер берілсе, кеңейтер едік, – дейді шаруашылық иесі Т. Сыдықов. 
Бұл орайда шарушылықтың жұмысымен танысқан қоғамдық кеңестің мүшелері диқанның ісіне сәттілік тілеп, ұсыныс-тілегін басты назарда ұстайтынын жеткізді. 
Делегация мүшелері бұдан соң Шымкент қаласындағы кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өңірдегі белсенді кәсіпкерлермен кездесті. 
– Елбасы өз бастамасында шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыруды айтты. Шымкент – еліміздегі кәсіпкерлер көп шоғырланған қала. Біз бұл ретте микронесиені көбейту арқылы кәсіпкерлерді көптеп тарта аламыз. Әрине, газ бен электр энергиясының бағасы бойынша мәселелер бар. Сосын тұрғын үй бойынша құрылысшылар да өз шағымын айтып жатыр. Цемент бағасы 30-50 пайызға өсті, арматура т.б. құрылыс заттары қымбаттаған. Демек, бағдарламалар бойынша өзгерістер болады. Оны терең талқылап, жариялайтын боламыз, – деді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Шымкенттегі бірегей орталық өзге аймаққа үлгі

Осы тақырып республикалық қоғамдық кеңестің мүшелерімен қалалық әкімдіктің ғимаратында Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылуын бақылауға арналған кездесуінде талқыға түсті.

 Алқалы басқосуда тиісті сала басшылары атқарылған жұмыстар бойынша қысқаша баяндама жасады. Жиынды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай ашып, жүргізіп отырды.

– Елбасының бес бастамасы Шымкент тұрғындарына жан-жақты түсіндірілуде. Баспана, микронесие бойынша өздерін толғандырған сауалдар төңірегінде тұрғындар дер кезінде жауап алып отыр. Президент айқындаған бастаманың тағы бірі – жоғары білімге қолжетімділікті арттыру және оның сапасын көтеру. Бұл орайда Шымкентте жүйелі жоспарлар қолға алынуда, оның орындалу барысы да бақылауда. Қала бойынша жылына 10 мың бала мектепке барады. Қазір осы мектеп тапшылығын шешуге қала әкімдігі тарапынан ерекше маңыз берілуде. Бұл мәселе таяу жылдары оң шешімін табады. Студенттерге арналған жатақханаға келсек, бұл бағыттағы ереже тіркеуден өтіп, бекітілсе, жұмыстар басталады. Ол бойынша қазір инвесторлардың да қызығушылығы жоғары, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай.

 Жергілікті мемлекеттік органдардың жауапты өкілдерімен және кәсіпкерлермен бірлескен кездесу барысында Елбасының өзге де бастамаларын жүзеге асырудың серпіні мен болашағы, оларды жүзеге асыру бойынша нақты ұсыныстар қаралды.

            

– Елбасының бас бастамасын орындау – бәріміз үшін үлкен жауапкершілік. Біз бүгінгі сапарымызда Шымкенттегі атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық. Жұмыстар нәтижесіз емес. Мәселен, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша Шымкентте ашылған арнайы ақпараттық орталық – өзге қалаларға да үлгі боларлық бастама екен. Жұмыстың тиімділігі көрініп тұр. Мұны қолдаймыз. Жалпы, аймақтарға жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға жан-жақты талдау жасалатын болады, оның қорытындылары Үкіметке ұсынылып, Елбасына есеп беріледі, – деді жиын соңында қоғамдық кеңестің мүшесі, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.

Дереккөз: shymkala.kz


Видео

03 қыркүйек 2018
Телеканал "Сарыарка". НА КОНТРОЛЕ ОБЩЕСТВЕННОГО СОВЕТА. Азат ПЕРУАШЕВ, депутат Мажилиса Парламента РК. 24 августа 2018 года.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс