«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Партияның соңғы жаңалықтары

10 қыркүйек 2018

«Ақ жол» партиясының сауалы бойынша Қаржы министрлігі бірқатар өңірлерде мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтары бұзылғанын растады және кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы нұсқамасын жолдады

2018 жылғы 10 қыркүйек, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Қаржы министрлігі бірқатар өңірлерде мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтары бұзылғанын растады және кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы нұсқаманы жолдады – мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың бұзылғаны жөніндегі «Ақ жолдың» депсауалына министрлік жауап берді.

            

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылғы 23 мамырда «Ақ жол» депутаттары Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлерін қорғап сөз сөйледі. Аталмыш сауалда бюджеттік ұйымдарда мемлекеттік сатып алу кезінде заң бұзушылық фактілері, сондай-ақ «өздерінің» жеткізушілерін байқаудың жеңімпаздары ету үшін шектен шыққан амалдарын пайдаланып, «айла-шарғымен өткізіп» жіберу мысалдары анық көрсетілген (http://akzhol.kz/ru/news/show/15817/1/4). Осыған байланысты, фракция бұл фактілерді тексеру туралы өтінішпен Бас прокуратураға және Қаржы министрлігіне жүгінген болатын.

Үстіміздегі жылғы 29 маусымда Бас прокуратура депутаттық сауалда айтылған заң бұзушылықтарды растады, олардың ішінде: «Өскемен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сатып алудың ерекше тәртібін заңсыз қолдануы, әлеуетті жеткізушілерге қойылатын біліктілік талаптарын негізсіз орнату және т.б. Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бұзушылық фактілері бойынша ұйымдастырушының мекенжайына нұсқама жолданып, сондай-ақ келісім-шартты жарамсыз деп тану туралы арыз енгізілді.

Осыған ұқсас ОҚО Ішкі мемлекеттік аудит департаменті фракция депутаттарының дәлелдері бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ сатып алудың жеңімпазымен жасалған шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа шағым білдірді.

«Депутаттық сауалда көрініс тапқан барлық заң бұзушылықтар бойынша құзыретті органдармен ден қою шараларын қабылданды», - деп баяндалған Бас прокуратураның хатында.

Жуырда ғана Қаржы министрлігінен фракцияның осы депутаттық сауалына жауап алынды. Онда белгілі болғандай, ШҚО-дағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы аудитпен анықталды, сауда-саттықты ұйымдастырушылардың дәлелдері қабылданбады, олардың мекен-жайына айқындалған заң бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы нұсқама жолданды.

Сонымен қатар, жауапта тексеріс материалдарының Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жіберілгендігі айтылған.

Сондай-ақ, министрліктің басшылығы Оңтүстік Қазақстан облысында да «Ақ жол» фракциясының сауалында көрсетілген заң бұзушылық фактілері расталғанын хабарлады.

«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

 


Видео

30 қазан 2018
29.10.2018. 31 канал. "ИнформБюро". Комсомол тойы парламентке жетті. Азат Перуашев бастаған бірқатар мәжілісмендер бұл күнді мереке емес, қасірет күні деу керек деп отыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс