«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Сөйлеген сөздер

28 қыркүйек 2018

Азат Перуашевтің Ерейментау ауданының 90 жылдығына арналған мерейтойлық шарада сөйлеген сөзі

15 қыркүйек 2018 жыл

Құрметті ағайын! 

Бүгін Ерейментау ауданының 90 жылдығы өтуде. Сонымен бірге, бүгін Ереймен жерінде Малай батыр бабамыздың мүсіні бой көтерді.Тойларыңыз құтты болсын! Қуаныштарыңызға ортақпын. Бірақ, мен осы жерде өздеріңізбен көңілді алаңдатқан екі мәселені бөліскім келеді.

           

Бірінші мәселе. Біздің ұлы бабаларымыз, ешқандай батырымыз ешқашанда өз руы үшін жаумен шайқасқа шықпаған. Өз жайлауын ғана дұшпаннан қорғамаған. Керісінше, олар бүкіл қазақ халқы үшін, бүкіл қазақ жері үшін қан төккен. Дұшпанымен алысқан. Еліміздің тамыры, тарихы, болашағы, тағдыры да бір. Сондықтан біз осындай оқиғаларды бір ғана батырдың ұрпақтарының тойына айналдырмай, барша халықтың, ұлттың тойы ретінде атап өтуіміз керек! Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында орындалып жатқандықтан оның мақсаты елді біріктіру болуы қажет!

Екінші мәселе ауданның 90 жылдығына қатысты. Мұндай тойлар жалғыз Ерейментауда ғана емес, еліміздің басқа да аймақтарында өтіп жатыр. Бұл қандай дата екен? Иә, 90 жыл бұрын, 1928 жылы, Кеңес үкіметі жергілікті басқару жүйесін құрып, аудандар ұйымдастырды. Яғни, бұл совет үкіметі жерімізге өзінің басқару жүйесін енгізгенінің 90 жылдығы. Ал, немене, совет үкіметіне дейін қазақ халқы болмаған ба, әлде Ерейменнің жері болмаған ба? Жоқ, әлбетте олай емес. Еліміз де, жеріміз де сан ғасырлар бұрын бар болған, бұйыртса, Елбасымыз айтқандай, Мәңгі бола бермек.

Бекіткен жүйесі арқылы совет үкіметі өз саясатын жүргізе бастады. Колхоздар құру, қазақ байларын кәмпескелеу, халықтың малын тартып алып, отырықшылыққа мәжбүрлеп көшірудің бастамасы сонда болды. Дала мыңғырған малсыз қалды. Қазақ ашаршылыққа ұшырады. Осы зорлықтың кесірінен үш-төрт миллион қазақ қырылды, олардың сүйектері әлі күнге дейін Арқада жатыр. Неліктен біз оны тойлауға тиіспіз?

Ұлттық тарихымызды дұрыстап есептегеніміз жөн, менiңше. Мысалы, жақында Семей қаласының 300 жылдығын атап өту ұсынылды. Себебi оған отаршылар келгенiне биыл 300 жыл болуы мүмкін. Сол қаланың орысша аты "Семипалатинск" неден шыққан? Орыстар келгенде, сонда 7-бөлмелi, үлкен, ежелгi, бiрнеше ғасырлық ғимараттың қалдығын тапқан. Тарихшылар шу көтергеннен кейiн ғана аталған 300-жылдық тоқтатылды. Оның орнына қалаларымыздың шын тарихын айтумыз керек. Мәселен, Бауыржан Байбектің бастамасымен ару Алматымыздың тарихы 1000-жылдан асып кеттi деп, тойланып жатыр. Соны дәлелдейтiн XI ғасырдағы, үстiнде "Алмату" деген жазуы бар күмiс шақалар табылғанын білеміз. Өте дұрыс, батыл шешiм бұл! Сондықтан, менiңше, аудандардың 90 жылдығы бiздер үшiн елге, ақсақалдарымызға алғысымызды айтуға, қол жеткізген нәтижелердi көрсетуге ыңғайлы сылтау ғана. Елiмiздiң тарихи, мағыналы тойларымен оны шатастырмау қажет.

Әрине, 90 жыл ішінде еліміз талай еңбек етіп, ерлік көрсеткен болатын. Осыны мойындап, бүгін сол датаны тойлап отырмыз. Дегенмен, мәселе тойда емес екен, мәселе – әділетті баға беру менен адал болашағымызда. Меніңше, «Рухани жаңғыру» - дың мақсаты сонда: өткенге ашық қарап, ата-бабаларымызға, үлкендерге алғысымызды айтып, еліміздің болашағы үшін жауапкершілікті өз қолымызбен көтеру. Баршаңызды тағы да құттықтаймын, тойдан тойға ғана емес, ойдан ойға жете берейік.


Видео

29 қараша 2018
28.11.2018. Берік Дүйсембинов. «Ақ жол» фракциясы қазақ елінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін зерделеуге арналған жыл сайынғы жалпыұлттық байқауын ұйымдастыруды ұсынды

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс