«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

01 қазан 2018

«Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау процесінің ашықтығы мәселелерін қайтадан көтерді

1 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» партиясы өткен бейсенбіде Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау процесінің ашықтығы мәселелерін тағы да көтерді.

ОСК (орталық сайлау комиссиясының) отырысы мәслихаттарды партиялық тізімдер бойынша сайлауға көшуге байланысты туындаған мәслихаттарға кандидаттар ұсыну тәртібіндегі өзгертулер, депутаттарды кері шақырту және т.б. мәселелерге арналды. Осыған орай партияларды «электоралдық кезеңде жұмыс істеуге» шақыру туралы айтылды.

           

Отырыс барысында сөз сөйлеген «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев дәл осы Қазақстанның демократиялық партиясы партиялық тізімдерге сәйкес мәслихат депутаттарын сайлауға көшуді ұсынғанын және де бұл 2011 жылдан бастап партиялық бағдарламадағы басты мақсаттардың бірі болғанын атап өтті. Сондықтан сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістерге оң позитивтік бағасын берді.

Дегенмен, кез келген партия үшін сайлау нәтижесі шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Ешқандай да «электоралдық науқан кезіндегі жұмыс» дауыс берудің әділ ұйымдастырылуын және орталық сайлау комиссиясының дауыстарды санаудағы ашықтығын алмастыра алмайды.

Осыған байланысты, Азат Перуашев кезекті рет «Ақ жол» партиясының бірқатар ұсыныстарын келтіріп өтті, атап айтқанда:

- сайлау комиссияларына ғана емес, сондай-ақ партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың да өздері сайлауалды пікірталастарды ұйымдастыруға және эфирге шығу құқығын беруді қамтамасыз ету (әріден соң жуырда ғана Ақпарат министрлігі интернет-телевизияны дамыту туралы мәлімдеді);

- «қолайсыз» үміткерлерді салық декларацияларындағы болмашы сәйкессіздіктерді сылтау етіп сайлау тізімінен алып тастау тәжірибесін тоқтату. «Ақ жол» партиясы мұндай қайтарып жіберудің 100-200 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) шекті белгілеуін қоюды ұсынады. Біздің кандидаттарымызды 20-40-100 теңге айырмашылығы үшін сайланудан алып тастаған мысалдар бар.

- Интернет желісінде дауыс беру барысын тікелей эфирде тарату арқылы баршамызға белгілі бюллетеньдерді тастап жіберу секілді «әткеншек»-ке (қайта-қайта дауыс бергізуге) жол бермеу үшін сайлау учаскелеріне бақылау камераларын орнату.

Осы ұсыныстарға ОСК (Орталық сайлау комиссиясының) басшылығы сайлау комиссиялары тек парламент қабылдаған нормаларды орындайтын техникалық орган ғана деп жауап қатты. Алайда, іс жүзінде үкіметтің қорытындысысыз ешқандай маңызды заң нормасы қабылданбайды – бұған депутаттардың қарсылығы білінді.

Партия төрағасы атап өткендей, сайлау процесінің өзін қамтамасыз етпесе, партияларды сайлауға белсенді қатысуға шақыру орынсыз. Осы орайда ол кеңес дәуірі кезіндегі бір әзілді келтіріп өтті: «Бізге нан берудің қажеті жоқ – бізге екі қолға жұмыс бер; бізге күн қажет емес – партия өз нұрын шашады». Және де күнделікті өмірді жаппай идеяландыру өткеннің еншісінде қалғанын айта кетті. Қоғамды КХДР-ға (Корея Халықтық-Демократиялық Республикасына) қарай тартудың еш қажеті жоқ, «әрқайсысының өздерінің функционалдық міндеттері бар және партияның міндеті – өз сайлаушыларының мүддесін қорғау. Олардың сеніміне нақ осы сайлау кезінде ие болады».

Қорытындылай келе, Азат Перуашев партиялық тізімдер бойынша мәслихаттарды сайлауға көшу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге жоғары баға берді.

«Бұл реформа Қазақстанның партиялық жүйесі үшін өте маңызды рөл атқарады. Ол саяси партиялардың, соның ішінде парламенттік азшылық партияларының позициялары мен әлеуетін нығайтады. Партияның жарғысына қажетті өзгерістер енгізілетін болады, бұл өңірлермен жұмыс істеу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді», - деді ол.

 


Видео

18 қазан 2018
"Qazaqstan" ұлттық арнасы. 17.10.2018. Елбасы Жолдауы - Басты Назарда! Азат Перуашев: Қазақстан осы уақытта өз азаматтарына барынша жайлы жағдай жасауға тырысып жатыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс