«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

08 қазан 2018

Президенттің Жолдаудағы тапсырмасынан кейін келесі күні-ақ Шымкентте фитнес-клуб ашылды – «BNews.kz»

08.10.2018.

BNews.kz

Елбасы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында 100 спорттық кешен салу туралы тапсырған болатын.

Президенттің 100 спорттық кешен салу туралы Жолдауда жүктеген тапсырмаларынан кейін келесі күні-ақ "ақжолдықтар" Шымкентте World Class заманауи фитнес-клубын ашты, деп хабарлайды BNews.kz "Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

        

Өздеріңізге мәлім, 5 қазанда Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауы барысында "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасына ұқсас өңірлерде 100 жаңа спорт кешенін салу жөнінде тапсырма берген болатын.

Соның келесі күнінде-ақ, яғни 6 қазанда Шымкентте ең заманауи фитнес-клубтардың шведтік бренді – "World Class" толық масштабты кешенінің салтанатты ашылуы өтті.

Кешеннің аумағы шамамен 4000 шаршы метрді құрайды, мұнда көптеген ең жаңа конструкциялы "Technogym" тренажерлері бар түрлі жаттығу залдары орналасқан: жекпе-жек секциясы, йога, спорттық би, жаттығу велосипедтерінде топтық шұғылдану; тамаша 25 метрлік бассейн және тағы басқалары.

"Кешеннің барлық қызметкерлері Мәскеудегі франчайзерден арнайы оқуын оқып, сертификациялаудан өткен. Жаттықтырушылардың арасында спорт шеберлері және халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері, Олимпиада ойындарының қатысушылары және олардың арасында бокстан, жүзу, каратэ, дзюдодан чемпиондар да бар. Спорт кешенін салған "Заңғар" компаниялар тобының президенті, сондай-ақ "Ақ жол" партиясының Шымкент қалалық филиалын басқарушы Әлімхан Абжанов. Жоба "Даму" қорының қолдауымен іске асырылды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, фитнес-клубтың салтанатты ашылу рәсіміне әлемдік деңгейдегі "World Class" халықаралық франшизасын иеленушілер өкілдері, "Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, Шымкент қаласы әкімінің  бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, олимпиадашылар: боксшы Мұхтархан Ділдәбеков пен гимнастшы Алия Юсупова, "Ақ жол" партиясы басшылығының Астанадағы және Тараз қаласындағы өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжан мен Өзбекстаннан келген қонақтар қатысты.

Әріптестерінің атынан сөз сөйлеген Азат Перуашев Әлімхан Әбжанов пен оның командасын осындай үлкен игі бастамасымен құттықтап, бұл Елбасы Жолдауының рухына сай әрі үндес келетіндігін және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге, әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігіне және сапа стандарттарының өсуіне бағытталғанын ерекше атап өтті.

Мұндай спорттық нысандар жасөспірім балаларға да, аға ұрпаққа да қолжетімді, олар халықаралық стандарттар деңгейінде қызмет көрсетеді. Бұл өмір сүру салты мен табысты адамдардың нышанына айналмақ.

Дереккөз: https://bnews.kz


Видео

18 қазан 2018
"Qazaqstan" ұлттық арнасы. 17.10.2018. Елбасы Жолдауы - Басты Назарда! Азат Перуашев: Қазақстан осы уақытта өз азаматтарына барынша жайлы жағдай жасауға тырысып жатыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс