«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

11 қазан 2018

Президенттің Жолдауы салық саясатындағы анахронизм мен кәсіпкерлерге айыппұл және өсімақылар салу мәселесінде мемлекеттік органдардың ептілігін көрсетті – «Ақ жол» депутаттар көтерген бастамаларға шенеуніктердің айла-шарғы жасағанын әшкереледі

11 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Шенеуніктер депутаттық сауалдарға жауап беру кезінде жалған сөйлейді – деп Азат Перуашев кешегі өткен Мәжілістің пленарлық отырысында өз сөзін бекіте түсті, - Президенттің биылғы Жолдауы негізінен өткен жылы шешілуі тиіс болған кәсіпкерлерге қисынсыз айыппұлдар мен өсімақылар салу мәселесінің өзектілігін арттыра түсті.

           

Әңгіме салықтық даулар бойынша талап қою мерзімін қысқарту жөнінде «Ақ жол» фракциясы бір емес бірнеше мәрте жолдаған ұсыныстары жайлы болып отыр. «Ақ жол» жетекшісі фракция 2013 жылдан бастап бұл жағдайды Үкіметтің назарына бірнеше мәрте жолдап, Еуразиялық Экономикалық Одақтағы көршілерімізді үлгі ете отырып салық бойынша талап ету мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартуды ұсынғанын еске салып өтті. Соңғы рет мұндай сауалдарды «ақжолдықтар» 2017 жылғы 19 қаңтарда және 15 наурызда жолдаған. Алайда, өткен жылды қоса алғанда әр жолы бізге фракцияның ұсыныстары «мемлекет пен бизнес мүддесінің теңгеріміне сәйкеспейді» немесе олар «Салық кодексінің жаңа редакциясын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобы тарапынан қолдау таппады» деген сыңайлы бас тартқан жауаптар келіп түсті.

Дәл сол 2017 жылдың күзінде Үкімет «мүддеге сәйкес келмейді», я болмаса «жұмыс тобының теріс көзқарасы» деген сияқты өзінің берген мәлімдемесіне қарамастан, және де осыған қадам басу керек деген депутаттардың 5 жыл бойы айтып келген талаптары туралы бір ауыз сөз ескертіп атап өтпей Кодекстің жобасына дәл сондай түзетулер енгізген.

«Біз менменшіл емеспіз, атақ-даңққа да ұмтылмаймыз. Тек қабылдайтын шешімдерден бизнес те, мемлекет те ұтса болғаны. Дегенмен, сөзсіз таңданысымызды тудырғаны – мемлекеттік органдар бізге басқаша жауап қайтарады да, ал іс жүзінде мүлдем қарама-қайшы әрекет етеді.

Мәжіліске жалған сөйлеп, теріс жауап берудің не қажеті бар еді, егер екі-үш айдан кейін бәрібір сол ұсынысты қабылдайтын болса? Әйткенімен де, егер Үкімет депутаттардың дұрыстығына көздерін жеткізсе, сірә, теріс жауапты қайтарып алып, жолданған сауалдардың авторларына депуттаттық бастаманы қолдаймыз деп хабарлағаны әлдеқайда құптарлық болар еді. Жеме-жемге келгенде, биліктің атқарушы және өкілдік тармақтарының өзара әркеттесуіндегі саяси мәдениет бұл дегеніміз, - деп түсіндірді Перуашев.

«Ақ жолдың» бұл сауалы биылғы Жолдаудада айтылған салықтық рақымшылыққа қатысты Үкіметтің атына жолданды. Фракция бұл тапсырма бұрыннан келе жатқан салық дауы бойынша талап қою мерзімінің артықтығы мәселесін көтереді деп санайды.

«Елімізде талап қою мерзімінің 5 жылға белгіленуі қарыз сомасын жасанды түрде қолдан көтеруге алып келеді. Ол былайша жүзеге асуда, 5 жыл бұрын бір емес бірнеше мәрте тексерістен өткен бизнестің салықтық есеп-қисабында көрсетілген қандайда бір нақты немесе жалған кемшіліктерге килігіп, олқылықтар іздеп тауып алады. Ал, ол үшін заңнамада қаржылық ықпалшаралары, яғни санкциялар қарастырылған. Содан кейін барып сол сомаға 5 жылдық мерзім ішіндегі айыппұлдар мен өсімақыларды қосады. Нәтижесінде айыппұл мен өсімақының сомасы негізгі қарыздың көлемінен де артық болып, кәсіпорынның күнкөрісі қиындай түседі. БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, 2018 жылы шағын және орта бизнес өкілдерінің салықтық қарызы 257 миллиард теңгеден асқан, ал оның 122,5 миллиардын айыппұл мен өсімақы құрайды. Демек, бұл дегеніміз шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің салықтық қарызының жартысын құрайды деген сөз! Президенттің бізге міндеттеген тапсырмасы дәл осы жағдайдың әділетсіздігі мен мағынасыздығын жоюға бағытталған», - деп атап өтті Перуашев және де «Ақ жол» фракциясы Мемлекет басшысының бұл бастамасын түпкілікті қолдай отырып, Үкіметке оны іске асыру барысында мұндай қордаланған мәселелерді түбегейлі шешіп қана қоймай, оның туындауына алып келген бастапқы шығу себептерін жоюды ұсынады деп түйіндеді.

Мәселенің мәнісі де осында, тіпті «Ақ жолдың» бастамасын үкіметтің заң жобасына қоса отырып, атқарушы билік оны Парламент қабылдағаннан кейін бірден оның іске асырылуын бұғаттап тастаған. Нақтырақ айтсақ – 2017 жылғы 25 желтоқсанда салық бойынша 3 жылдық талап ету мерзіміне көшуді тоқтатып қойып, керісінше, тағы да 2 жылға, яғни 2020 жылға дейін кейінге қалдыратын Үкіметтің қаулысын қабылдайды.

«Ақ жол» жетекшісі осы орайда «Қазақша айтқанда, «артық қыламыз деп, тыртық қылдық», - деп дөп басып айтты.

Оның айтуынша, Президенттің Жолдауы бұл тәжірибенің жаппай ескіргенін (анахронизмдігін) және тиімсіз әрі осалдығын көрсетіп берді. 

Осыған байланысты, Елбасының салық амнистиясын жүргізуге кірісу туралы тапсырмасына үндес Азат Перуашев Үкіметке ағымдағы қаржылық жылдан бастап салықтық даулар бойынша талап қою мерзімін 5-тен 3 жылға дейін қысқартуды ұсынды.

«Ақ жол» партиясы және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және отандық бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

 


Видео

18 қазан 2018
"Qazaqstan" ұлттық арнасы. 17.10.2018. Елбасы Жолдауы - Басты Назарда! Азат Перуашев: Қазақстан осы уақытта өз азаматтарына барынша жайлы жағдай жасауға тырысып жатыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс