«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

23 қазан 2018

Перуашевтың Қаржы министрлігімен 2 жылдық айтыс-тартысының нүктесі қойылды – «Qamshy.Kz»

23.10.2018.

«Qamshy.Kz» ақпарат агенттігі

Тағы да сүйінші, Алаш ұрпақтары! Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының, атап айтқанда - оның жетекшісі Азат Перуашевтың Қаржы министрлігімен арадағы 2 жылға созылған айтыс-тартысының нәтижесінде «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының, партиясының және Ұлттық Жерлі Автономиясы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның 15-томдық жинағының қалған 12 томын (IV-XV тт.) үстіміздегі жылы 5 мың данамен басып шығаруға қаражат бөлініп отыр (Алаш көсемінің 1930 жж. «Фигаро» француз газетінде жариялаған материалдары мен қазақтың жылқы шаруашылығы туралы ғылыми очеркі әзірше табылған жоқ).

           

ЮНЕСКО «бүкіләлемдік шынайы даңқты қайраткер» деп таныған ұлт көсемінің туғанына 150 жыл толған мерейтойы жылында да (2016), өзі құрып басшылық еткен Алаш Ұлттық Жерлі Автономиясының 100-жылдығында да (2017) «қаржы тапшылығынан» шықпай қалған теңдессіз тарихи, ғылыми, әдеби-публицистік мұра биыл баспа көрмекші. «Әлихан Бөкейхан. Шығармалары – Сочинения» көптомдығы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көреді.

Өкінішті әрі санаға қонбайтын бір жайт: Ә.Н. Бөкейхан мұрасының алғашқы І-ІІ томдары 2016 жылы желтоқсанда 2 мың данамен, 2017 жылы қаңтарда күшіне енген жаңа талап бойынша 3-томы сол жылдың наурызында 5 мың данамен басылса, ал 4-15 томдары да биыл 5 мың дана болып шықпақшы. Яғни I және II тт. 3 мың данаға кем болып қалатын жайы бар.

 Шымкенттегі саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының бұрынғы директоры, ақын Ханбибі Есенқарақызы құрастырған «Ақ жол» (газет). Көптомдық» жинағының қалған ХІ-ХXV тт. да соның кебін кимекші. Өйткені көптомдықтың І-Х тт. сонау 2015 жылы 2 мың данамен шыққан болса, қалған 15 томын 3-4 жыл кешіктіріп 5 мың данамен шығару 2019 жылға ғана жоспарланып отыр. Одан бөлек даңқты Абылай, Әбілмәмбет, Сәмеке хандар мен Барақ сұлтан әулеттері туралы 4-томдық тұңғыш монография, Барлыбек Сырттанұлының мұрасы, Н. Төреқұлұлы, С. Қожанұлдарының таңдамалы жинақтары, ХХ ғасыр басындағы Қазақ өлкесі туралы ағылшын инженерінің мемуары, бас-аяғы 25 кітапты басып шығаруға өтінім берілді.

Айтқандай-ақ «Ақ жол» жетекшісі А. Перушаевтың ыждаһатымен көрнекті Алаш қайраткерлері Тұрағұл Абайұлы, Ахмет (Ахметғали) Мамытұлы, Қажым Басымұлдарының шығармалары, зерттеулері, мақалаларының бір-бір томдық, Елдес Омарұлының 3 томдық, сондай-ақ «ХХ ғ. басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» жинақтары да 5 мың данамен баспа көреді. Бұл ғылыми, ғылыми-танымдық жинақтарды А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Орынай Жұбаева бастаған ғалымдар тобы төте жазудан көшіріп, өңдеп, құрастырып, ғылыми түсініктері мен алғысөздерін жазып ұсынды.

Дәл осы күні Алматыдағы үлкен баспаханамен келісімшартқа отырып, кітап басу жұмысы қызу басталып та кетті.

Қорыта айтсам, жоғарыда аталған кітаптар мен жинақтардың барлығы «Ақ жолдың» парламенттік фракциясының жетекшісі А. Перушаевтың күш-жігерінің арқасында жарық көрмекші. Соған байланысты Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ «Алаш» институты мен А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Азат мырзаға, аталған жинақтарды басып шығаруға қолдау көрсеткен Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлына Алаш қайраткерлерінің сөзімен «Тәңірі жарылқасын!» айтады.

         «Қамшы» сілтейді

 


Видео

30 қазан 2018
29.10.2018. 31 канал. "ИнформБюро". Комсомол тойы парламентке жетті. Азат Перуашев бастаған бірқатар мәжілісмендер бұл күнді мереке емес, қасірет күні деу керек деп отыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс