«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

29 қазан 2018

Азат Перуашев: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА «Комсомол күні» деген мереке ЖОҚ!!! – «Қазақ үні» газеті

29.10.2018.

«Қазақ үні» ақпарат агенттігі

             Мәжілісті комсомолдың тойына айналдырып жібергісі келгендер парламентте вице-спикер Божкодан бастап толып отырса, 27 жыл Тәуелсіздігіміз қайда кетеді?

 

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында бір кездері ауыл жастарына қалаға келуге шектеу қоймақшы болып, елді шулатқан Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко депутаттарды Комсомолдың 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, бүгін БЛКЖО-ның құрылған күні екенін атап өтті.
            

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Божконың аузын ашқаны сол еді, Сергей Звольский мен Ахмед Мұрадов секілді депутаттар өздерінің комсомол болғандарын еске алып, бір-бірін құттықтауға кірісіп кетті. Құдды бір тәуелсіз Қазақстанның Үкімет сағаты емес, компартияның жиынында отырған секілді…

Алайда, араларында ұлтжанды азаматтар да бар болып шықты, құдайға шүкір. Мәжіліс депутаты, Алаш мұрасын насихаттап, Алаш ұстанымын бағдар еткен «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев «комсомолды қимай жүрген» депутаттарды сабасына түсірді.

– Біз Мәжілістің ресми отырысында отырмыз. Біз Тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз! Біздің күнтізбеде мұндай мереке жоқ. Егер біреу үшін бұл жеке мереке болса, мәжілістің ресми жиынында емес, басқа жерде бір-бірлеріңізді құттықтаңыздар, – деп Божко мен өзге де депутаттарды тыйып тастады.

Азат Перуашевтың бұл сөзін белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қолдап, Божконың әрекетін тегіс сынауда.

Мысалы, белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан депутаттың айтқан сөзін өзгелерге үлгі етіп жарияласа, танымал ақын Қазыбек Иса «Атасы Алаш ұстанымы үшін атылған Азат Перуашев айтпағанда, кім айтады мұны? Мәжілістің өзін комсомолдың тойына айналдырып жібергісі келгендер парламентте вице-спикер Божкодан бастап толып отырса, 27 жыл Тәуелсіздігіміз қайда кетеді?» – деп өз пікірін білдірді.

Қайнар көз: https://qazaquni.kz


Видео

30 қазан 2018
29.10.2018. 31 канал. "ИнформБюро". Комсомол тойы парламентке жетті. Азат Перуашев бастаған бірқатар мәжілісмендер бұл күнді мереке емес, қасірет күні деу керек деп отыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс