«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз жарияланымдар

29 қазан 2018

«Сіз қай елде тұрасыз?». Перуашев Божконы орнына қойды – «365info.kz»
29.10.2018.
Біздің елде Божко деген бір кісі үлкен қызметте әлі жүр.
Парламент Мәжілісінің отырысына келіп алып, ондағы өзі сияқты қарт кісілерді қайта-қайта космомол мерекесімен құттықтай берген екен.

          
Содан бір кезде депутат Азат Перуашевтен сөз естіп қалыпты:
– Біз сізбен бірге Парламент Мәжілісінің ресми отырысында отырмыз. Сіз, Владимир Карпович, басқа да әріптестерім, отырыс ашылмай жатып бір-бірлеріңізді комсомол мерекесімен қоймай құттықтап жатырсыздар. Сіздер осы қай елде тұрасыздар? Білмесеңіз, мен естеріңізге салып қояйын, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Тәуелсіз Қазақстанда ондай мереке жоқ! Сондықтан бізді ол мерекемен құттықтаудың керегі жоқ. Егер бұл сіз үшін жеке мереке болса – онда бір-біріңізді Парламент отырысында емес, жеке кездесіп құттықтаңыз, – депті шыдамай кеткен Азат Перуашев.
Міне, осындай қызықтар болып жатыр, қазіргі Қазақстанда.
 
Дереккөз: https://kaz.365info.kz
 


Видео

23 мамыр 2019
Азат Перуашев о запрете шествия «Алашка тагзым», задержаниях активистов и законопроекте «О парламентской оппозиции»

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс