«Ақ жол» Демократиялық партиясының
ресми сайты
Баспасөз релиздері

05 қараша 2018

Азат Перуашев бюджетті талқылау барысында салық органдарының жұмысын сынға алды
5 қазан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында «Ақ жол» парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев еліміздегі салық саясатын сынға алды.

            
Салықтар бюджеттің 98% - дан астамын құрайды, сондықтан салық салудың ынталандырушы рөлін қолдана отырып, кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін тарту арқылы салық салу базасын кеңейту бойынша шараларды қолға алады деп күткеніміз ойға қонымды болар еді. Алайда, шын мәнісінде, салық әкімшілігін қатаңдату және бизнеске деген қысымның күшеюі одан әрі жалғасуда деп есептейді демократтар фракциясы.
Сонымен, қосымша құн салығы бойынша түсім көлемін 34 % -ға таңғалдырарлық мұндай арттыру «экономиканы жаңғырту, әкімшіліктендіруді жетілдіру және ҚҚС бойынша қайтарым сомасын азайту» есебінен жүргізілмек. Бірақ салық төлеуші үшін ҚҚС-ты қайтару жалпыға белгіленген және нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар болған жағдайда ғана туындайды, бұл дегеніміз экспортқа жұмыс істейтін кәсіпорындар.
Демек, ҚҚС (қосымша құн салығы) бойынша қайтарымды тек экспортты қысқарту арқылы ғана азайтуға болады. Ал, бұл ұлттық экономиканың экспорттық бағдарлану саясатына қайшы келеді.
«Басқа бір ықтимал жолы – әр түрлі сылтауларды желеу етіп қосымша құн салығының есепке алу бөлігін қайтармау, яғни нақты қосарланған салық салу. Және бұл нұсқаның ықтималдығы әлдеқайда басым болып отыр», - деп депутат қауіптің барын білдірді.
Нақты мысал ретінде, ол салық органдарының АЭА (арнайы экономикалық аймақ) қатысушылары сатып алған тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде ҚҚС-ты есепке алуды алып тастағаны жөнінде айтып өтті. Осы орайда Азат Перуашев «Ақ жол» фракциясы ағымдағы жылғы 13 маусымда осындай әрекеттердің нәтижесінде бір ғана «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында 18 кәсіпорын тоқырау шегіне жетіп, оларға салықшылар бұдан бұрын төленген 16 млрд, теңгеге тағы да 4 млрд. теңге қосқаны туралы Үкіметке сауал жолдаған еді. Премьер-Министрдің берген жауабында «Арнайы экономикалық аймақтардағы салық салуға байланысты заң жобасының шеңберінде мемлекеттік органдар депутаттардың АЭА қатысушыларына осындай тауарлар бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға рұқсат беру туралы ұсыныстары қарастырылуда» деп мәлімденген.
«Алайда, уәде етілген өзгертулердің орнына біз тек біржақты салық саясатының жалғасын көріп отырмыз, - деп атап өтті Перуашев. – Сол себепті таңдалған тәсілдің әсерін алдын-ала болжау және де оның өнімді экономиканы одан әрі ынталандыру, оның ішінде отандық тұтыну нарығын қанықтыру, сондай-ақ экспорттық кәсіпорындарға қолдау көрсету туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес келуі тым қиын. Бизнес қосарланған салық салуға тап болғанда қандай қолдау, қандай инвестициялық ахуал жөнінде сөз болуы мүмкін? Мұндай жағдайда бізге кімдер, қандай инвесторлар келмек?».
Осы мәселелерді шешу үшін «Ақ жол» фракциясы салық жүйесінің тиімділігін салық органдарына жұмсалған мемлекеттік шығыстардың олар қамтамасыз еткен бюджетке төленген қосымша кірістеріне қатынасы арқылы бағалауды ұсынады. «Ақ жол» фракциясы 5 маусымда салық инспекторының жұмыс күні қазынаға 2 мың теңге немесе айына 40-45 мың теңге. алып келсе, ал сол инспектордың өз жалақысы одан 2-3 есеге жоғары деп мысал келтірген болатын. «Мұндай қазынагерлерді ұстағаннан гөрі, оларды жұмыстан шығарған оңайырақ – бизнеске де жайлы, бюджетке де үнемді», - деп ескеріп өтті Азат Перуашев.
«Ақ жол» ҚДП фракциясы жұмыстарды жалғастыруда.
 

 

 


Видео

30 қазан 2018
29.10.2018. 31 канал. "ИнформБюро". Комсомол тойы парламентке жетті. Азат Перуашев бастаған бірқатар мәжілісмендер бұл күнді мереке емес, қасірет күні деу керек деп отыр.

Жаңалықтар мұрағаты

2011

2012

2013

2014

2015

2016

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс